Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғы сүйіктіңіз екінші мүмкіндік сұрайды": Қазақстандық астролог наурызда жаңа таныстықтар кімдердің өмірін өзгертетінін айтты

Жұлдыздар Ай мен Күннің тұтылуы жұлдыздар белгісінің өмірінде көп нәрсені өзгертеді деген болжам жасады. Сондай-ақ бұл кезең аса мағызды шешімдерді асығыс қабылдамау керек деп ескертті. Қазақстандық астролог Сабина Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында наурызда жұлдыз белгілерінің бірі көптен күткен бақытын жолықтыратынын, енді бірі қаржылық жағдайына, тұлғалық дамуына маңыз қоятынын айтты.

Фото: Ru.freepik.com

Тоқты

Көктемнің бірінші айы тоқтылардың табандылығы мен қайрат-жігерін сынайды. Айдың тұтылуы тоқтылардың ішкі жандүниесіндегі күмәнді ойларды анық көрсетеді. Ал күннің тұтылу бұл жұлдыз белгілеріне жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ жеке өміріңізде күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Бір жан сізге сезімін білдіреді немесе бұрыннан келе жатқан қарым-қатынастағы адаммен көзқарастарыңыз өзгеріп, ара қатынасты қайта ой елегінен өткізуіңіз ғажап емес. Сондықттар астрлогтар асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді. Сонымен қатар қаржылық жағдайға байланысты қызық ұсыныстар түсуі мүмкін. Бірақ оның шешімін сәуір айына ысыра тұрғаныңыз жөн.

Торпақ

Наурыздағы ай мен күннің тұтылуы торпақтар үшін қаржылық жағдай мен өзін-өзі дамытуға әсер етеді. Сондай-ақ табыс көздерінде де өзгеріс болуы мүмкін. Жеке өміріңізде бұрынғы сүйіктіңіз пада болуы ғажап емес. Бірақ астрологтар бұл қарым-қатынас жақсылықпен аяқталмайды деген болжам жасады. Ал қаржылық жағдайыңызда тоқырау болмасын десеңіз шығындар мен кіріс стратегиясын қайта қарастырыңыз. Жоспардан тыс сатып алулар болуы мүмкін. 

Егіздер

Егіздер наурызда мансап пен жеке өмірге қатысты мәселерді жете ұғына бастайды. Келер айда бұл жұлдыз белгілері өзінің жаңа қырларын ашады. Жұлдыздар егіздердің алдағы уақытта өткенін ойлап, сол уақытқа қайта баруды аңсайтынын айтады. Алайда Бірақ астрологтар сезімге ерік бермей, өткенді ұмытып, тек алға ұмтылуға кеңес береді. Наурыз айы егіздерге өзіне инвестиция жасауға және жаңа нәрсе үйренуге қолайлы уақыт. 

Шаян

Шаянда ай тұтылған кезде эмоцияға ерік береді. Ішкі балансты ұстап тұру қиынға соғады. Сондықтан оны барынша сақтап қалуға тырысқан жөн. Жеке өміріңіздегі жанмен арадағы ашық әңгіме көп нәрсені өзгертеді. Сондықтан кез келген жағдайға дайын болыңыз. Айдың ортасында ірі сатып алулар болуы мүмкін. Алайда аса сақ болғаныңыз дұрыс.

Арыстан

Астролгтар наурызда арыстандарға айналасындағы адамдарға мұқият болуға кеңес береді. Араласатын адамдармен ара қатынасыңыз өзгеруі бек мүмкін. Тіпті кей адамдарға сене берудің қажеті жоқ дейді жұлдыздар. Жеке өміріңіз де айтарлықтай өзгерістер болады. Тағдырыңызды өзгертетін таныстықтарға жол ашылып немесе сүйіктіңізбен араңызда күтпеген өзгерістер болады. Шығындарыңызды бақылауда ұстағаныңыз абзал. Жоспардан тыс шығындар болуы ықтимал.

Бикеш 

Айдың тұтылуы бикештерге мансабыңызда өзгерістер болатынын көрсетсе, Күннің тұтылуы түрлі маңызды шешімдер қабылауға итермелейді. Сізге ессіз ғашық екенін айтып, сезімін білдірген жандар сіздің өмірге деген көзқарасыңызды айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Жұлдыздардың айтуынша, табыс көзіңіз еселенеді. Алайда олар асығыстық жасап, тәуекелге бармауға кеңес береді.

Таразы

Таразылар наурыз айында алға қойған мақсаттарын нақтылайды. Айдың тұтылуы жұлдыз белгілерінің жүрек түкпіріндегі армандарыңыз бен қажеттіліктеріңізді айқындайды. Алайда жеке өміріңізде бұрынғы сүйіктіңіз оралып, сізден екінші мүмкіндік беруін сұрауы мүмкін. Бұл ұсынысты қабылдау не қабылдамау – өз таңдауңызда. Қаржыға қатысты шешімдерді Айдың тұтылуынан кейін қабылдаған жөн. Себебі наурызда қаржылық тұрақсыздық болуы әбден мүмкін. 

Сарышаян

Наурызда сарышаяндардың интуициясы оларға дұрыс бағыт-бағдар береді. Десе де астрологтар асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді. Әр қадамыңызға мұқият болыңыз. Жеке өміріңізде сүйіктіңізбен маңызды әңгіме болады. Содан кейін бәрі өз орнына келеді. Ойламаған жерден кіріс келуі мүмкін. Алайда оны ақылға салып жұмсауға тырысыңыз. 

Мерген

Күн мен Айдың тұтылуы қарым-қатынас пен серіктестік салаға әсер етеді. Сізге маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Жеке өміріңізге келсек, өткеніңіз бен болашағыңыздың арасында таңдау жасау керек болады. Қаржылық жағдайыңыз тұрақты. Алайда ақшаны ақылмен жұмсаңыз. Өзіңізге көп міндет артып алудан аулақ болыңыз.

Тауешкі

Келер айда тауешкілер өзін тәртіпке салу керек. Әсіресе, қаражатыңызға мұқият болыңыз. Жеке өміріңізде күтпеген жағдайлар болып, ол оқиға жақындарыңызға деген көзқарасыңызды өзгертуі әбден мүмкін. Асығыс шешім қабылдамаңыз, алдымен жағдайды ой елегінен өткізіңіз. Ай мен Күннің тұтылуы тауешкілердің қаржы басқарудағы қателіктерін айқын көрсетеді. 

Суқұйғыш

Көктемнің алғашқы айында суқұйғыштардың өмірінде, әсіресе жеке өмірінде күтпеген өзгерістер болуы ықтимал. Сондай-ақ өз болмысыңызды ашық көрсетесіз. Жаңа таныстықтар күтпеген эмоциялар әкеледі. Астрологтар күтпеген шығындар болады деген болжам жасады. Алайда олар қандай жағдай болмасын сабырлы танытуға шақырады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін бюджетіңізді алдын ала жоспарлаған жөн.

Балықтар

Балықтар наурызда көп нәрсені жете ұғына бастайды. Тіпті өмірлік сабақ алатын жағдайға тап болуы мүмкін. Жеке өміріңізді өзгертетін маңызды әңгіме болады. Бұл жағдай қарым-қатынасыңызды нығайтады немесе керісінше, жаңа шешімдерге итермелеуі мүмкін. Айдың соңына қарай қаржылық өзгерістер болуы ықтимал. Шығындарыңызды қадағалаңыз және асығыс шешім қабылдаудан сақ болыңыз.

Астрологтар бастысы наурызда тәуекел жасап, асығыс шешім шығарудан аулақ болуға кеңес береді. Әсіресе, тұтылулар кезінде аса сақ болу керек дейді. Жұлдыздар интуицияға құлақ түріп, эмоцияға берілмеуге шақырады.

Талқылау