"2 жасынан кейін көрмеген": Марқұм әпкесінің ұлын 14 жыл бойы іздеген әйелдің әсерлі сәті көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)
Ақтауда 14 жылдан бері марқұм болған әпкесінің жалғыз ұлын іздеген әйел інісімен қауышты. Ол әскери бөлімде борышын өтеп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан
16 жылдан кейін жиенін қайта кездестірген әйелдің әсерлі сәті 25744 әскери бөлімінде өтті.
Ақтау гарнизонының мәліметінше, Эльвира 16 жыл бұрын қайғылы түрде әпкесінен айырылып қалған. Оның артында екі жасар ұлы Асхат қалды. Әкесі баланы өзімен бірге алып, Қазақстанға көшіп, онда жаңа отбасы құрған. Ал кішкентай Асхаттың тәрбиесімен атасы мен әжесі айналысқан.
Эльвира осы уақыт ішінде жиенімен қайта қауышамын деген үмітін үзбеген. Көп жылдан кейін ол 18 жастағы жігіттің қазір Маңғыстау облысында әскерде борышын өтеп жүргенін білген. Әйел дереу солдат аналар комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаевадан көмек сұраған.
Бірнеше ай бойы бөлім командирі, командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, психолог, сондай-ақ солдат аналар комитетінің өкілдері Асхатты туған тәтесімен кездесуге психологиялық тұрғыдан дайындады. Осы уақытта Эльвира жиенімен телефон арқылы байланыста болған.
Екі туыстың көптен күткен кездесуі 25744 әскери бөлімінде өтті.