Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер ірі америкалық бренд белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды

Жамбыл облысында кәсіпкер АҚШ-тың New Balance танымал брендінің тауар белгісін заңсыз пайдаланған. Компания кәсіпкерді сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, кәсіпкер тауар белгісімен онлайн дүкендер арқылы сауда жүргізген. Компания өз тауарларының белгісін заңсыз пайдалану фактісін анықтап, сотқа жүгінді.

"Талапкер – NEW BALANCE тауар белгісіне толықтай құқық иесі. Онлайн сауда кезінде талапкер кәсіпкердің Kaspi.kz қосымшасында тауар белгісін келісімсіз қолданып сатқаны белгілі болды , – делінген сот хабарламасында.

Талапкер сотқа фискалды чек, фото, сондай-ақ сатып алудың бейнежазбасын берді. Бұл жауапкердің контрафактілік тауарды сату фактісін растады.

Сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдады. Кейін тараптар бітімгершілік келісімге келді.

"Келісім шарт бойынша жауапкерге 100 мың теңге мөлшеріндегі: 73 мың теңге мөлшерінде өтемақы өндіріп алу және заң бұзушылықты тіркеуге жұмсалған шығын – 27 мың теңге өндіріледі. Сондай-ақ ол енді сауда белгілерін пайдаланбайтыны туралы кепілдік хатқа қол қойды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.



Талапкер 296 мың теңге өтемақы сомасынан бас тартты. Анықтама заңды күшіне енді.

New Balance – АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында орналасқан спорттық киім желісінің өндірушісі. 

Талқылау