"Пәтер мен көлік ұтып алды": Қазақстандықтар "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан бағалы ұтыс жеңіп алды
Үш қазақстандық "Сәтті Жұлдыз" лотереясында жеңімпаз атанып, екі пәтер мен автокөлікке ие болды. Олар үшін бұл лотереяға қатысу тарихындағы ең үлкен ұтыс болды.
Фото: ALTAI TV сюжет кадрларынан
Көп күш жұмсамай-ақ үлкен жүлде алуды кім армандамайды? Автокөлік немесе тұрғын үй алуға ақшаны тез жинау оңай дүние емес екені бәрімізге белгілі. Ал несие мен ипотеканы екінің біріне мақұлдай бермейді. Дегенмен бұл жолы еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш адамға сәттілік серік болды.
Алматылық заңгер әрі жеке кәсіпкер Ахмет аптасына 1-2 рет TeleBingo немесе LOTO 6/49 лотерея билеттерін сатып алады. Ол мұндай хоббимен бір жылдан астам уақыттан бері айналысады екен. Дегенмен бұл да өз жемісін берді. Жақында Ахмет ұтыстан 10 миллион теңгелік автокөлікті жеңіп алды.
Бұл оқиға Ахмет үшін нағыз тосынсый болды. Себебі заңгер сәттіліктің бұлай тез келетінін ойламаған. Ол жеңісі туралы естігенде түрлі эмоцияны бастан кешкенін айтты.
"Әйелім екеуміз өте қуаныштымыз! Көлігіміз бар болғандықтан, ақшалай алуды жөн көрдік. Қаражатты қайда жұмсайтынымызды әлі шешпедік. Бірақ балаларымыздың болашағын қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдімін”, – деді ол.
Фото: "Сәтті Жұлдыз"
Ахметтен басқа, лотереяның ірі ұтыстары басқа қазақстандықтарға да қуаныш сыйлады. Мәселен, павлодарлық Жұмабек "Сәтті Жұлдыз" билетінің бесеуін сатып алып, пәтер иесі атанды. Бұл оның отбасын бақытқа бөлеген алғашқы үлкен жеңіс болды.
Жұмабек 20 жылдан астам уақыттан бері лотерея билеттерін сатып алады. Айтуынша, қанша көңілі қалса да, бір сәттілік боларына сенген. Тіпті бір кереметтің орындалатынын әрдайым сезгенін жасырмайды.
"Мен сендім және күттім", – деді ол.
Фото: "Сәтті Жұлдыз"
Бақытты сәттердің біріне өскемендік Павел Сарафанов ие болды. Ол "Сәтті Жұлдыз" билеттерін сатып алу арқылы жаңа баспанасына қол жеткізді. Павел екі жылдан бері ұтыс билеттерін тұрақты түрде алып жүрген екен. Тіпті азын-аулақ мөлшерде ұтқан кездері де болған. Дегенмен бұл жолғы ең үлкен сыйлық ол үшін нағыз тосынсый болды.
"Бұған дейін 5-7 мың теңгелік ұтыстар болды. Тек сәттілікке сену керек. Сонда ол міндетті түрде орындалады", – деді Павел.
Ол өзінің бұл жеңісін естігенде қуанғаннан тіпті, телефонын құлатып алған. Ал әйелі бірден достары мен туыстарына қоңырау шалып, жақсы жаңалықты бөліскен. Бастапқыда олар мұндай тосынсыйға сене алмаған. Алайда кейін жеңістің шынайы екенін түсінген.
Барлық жеңімпаздардың бір ауыздан айтары, мұндай бақ қону үшін сәттілікке сену керек. Сонда ол міндетті түрде орындалады. Әрине, лотерея билеттерін сатып алуды да ұмытпаған жөн.
Өйткені кез келген кәмелетке толған қатысушы үлкен жүлделерді ұту мүмкіндігіне ие. Сонымен 16 ақпанда кезекті жылжымайтын мүлікке ұтыс ойыны өтеді. Оған қатысу үшін әрқайсысы 5 лотерея билетінен тұратын TeleBingo лотереясының "Пәтер" лото жинағын сатып алу керек. Лото жиынтықтардың саны шектелмейді. Билеттер неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі де соғұрлым жоғары. Сонымен қатар бүгінде әр қатысушының 551 264 000 теңге болатын джекпотты ұтып алуға мүмкіндігі бар.
Тираж 16 ақпан жексенбі күні сағат 10.00-де 31-арнаның тікелей эфирінде өтеді. Бағыңызды сынап көріңіз, айыңыз оңынан тусын!