HONOR X8c: Жоғары технологиялар әлеміне есік ашыңыз
Редакциямыз жаңа HONOR X8c смартфонын сынау мүмкіндігіне ие болды. Ол өзінің стильді дизайнымен және жеңілдігімен бірден назарымызды аударды. Қолымызға түскен құрылғы сыртқы келбетінің ерекшелігімен ғана емес, ыңғайлылығымен де үмітті ақтады. Ол күнделікті өмірді едәуір жеңілдететін озық технологияларымен таңғалдырды.
HONOR X8c өзінің қуатты процессорының арқасында көп тапсырма мен қосымшалар үшін керемет өнімділікті ұсынады. Құрылғы веб-серфинг, жоғары сападағы бейнелерді көру және қолданбаларды іске қосу сияқты күнделікті тапсырмаларды оңай орындайды.
Смартфон өте тартымды көрінетін бірнеше көз тартатын түсте ұсынылған. Бұрыштарының сәнділігі мен корпусының тегіс пішіндері құрылғыны қолда ұстауға жайлы етеді. HONOR X8c су өткізбейтін корпуспен және шаңнан қорғайтын жүйемен жабдықталған. Сонысымен кез келген ауа райында сенімді серік болады. Оның 6,7 дюймдік AMOLED экранының жарығы мен кескін айқындығы ерекше назар аудартып, таңғалдырады.
108 Мп болатын негізгі камера 12000×9000 пиксельге дейін суреттерді керемет түсіреді. Ал оптикалық кескінді тұрақтандыру тәуліктің кез келген уақытында айқын және анық фото түсіруге мүмкіндік береді. Жарықтандыру функциясымен жабдықталған 50 Мп алдыңғы камерасы кез келген жағдайда тамаша селфи портреттерін ұсынады.
HONOR X8c смартфонына екі Nano-SIM картасын қосуға болады. Бұл – екі нөмір ұстайтын пайдаланушылар үшін таптырмас құрал. Мұнда тарифтік жоспарға сай, қосымша деректерді сақтайтын және қоңырауларға арналған негізгі SIM картаны таңдауға болады. Бұл шығындар мен қызметтерді басқаруда өте ыңғайлы.
Бізді таңғалдырған ерекшеліктердің бірі – жасанды интеллект аударма болды. Айтқан сөздерімізді бірден мәтінге айналдырып, басқа тілге аудару мүмкіндігі Еуропадағы әріптестермен қарым-қатынаста өте ыңғайлы. Бұл жеке аудармашың әркез жаныңда жүргендей әсер қалдырады!
Таңдандырған тағы бір мүмкіндік — шұғыл қоңыраулар мен жеке қауіпсіздік жүйесі. Ол қалай жұмыс істейді? Кешке достарымызбен бірге отырғанда, осы қызметті, үнсіз баратын “шұғыл хабарлама” жүйесін сынау үшін арамыздағылардың біріне орнаттық. Отырыста барлығы шүйіркелесіп әңгімелесіп отырғандықтан, хабарламаны ешкім байқамады. Шұғыл хабарлама алған жолдасымыз қандай әсерде болды десеңізші! Әрине кейін оған функцияны жаңа гаджетте сынап көргенімізді айтып түсіндірдік. Қазір қауіпсіздік үшін мұндай жүйені әрқашан өзіңізбен бірге алып жүру өте маңызды. Дегенмен мұндай қажеттілік сізде ешқашан болмасын деп тілейміз.
HONOR X8c пайдаланушыларға мобильді фотосуретке арналған ұтымды шешім – жасанды интеллект өшіргіш функциясын ұсынады. Бұл телефондағы қажетсіз нысандарды жою арқылы суретті жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект функциясы суреттің құрамын талдайды. Кадрдағы кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар немесе фондағы қажетсіз заттар болса анықтайды. Кейін АІ өшіргіші таңдалған керексіз нысандарды біркелкі жойып, кескіннің фонын табиғи және үйлесімді етіп қалпына келтіреді. Болған соң фотосуретті салыстырып, айырмашылықты байқасаңыз болады.
Жасанды интеллект өшіргіш функциясының қарапайымдығы сонша, жаңадан бастап үйреніп жүрген фотографтар үшін өте қолайлы. Мұнда кескіндерді өңдеуге арналған қосымша кәсіби деңгейдегі құралдар бар. Бұл мобильді телефондағы фотосуретке шығармашылық еркіндіктің жаңа деңгейін береді. Пайдаланушылар суреттерін компьютердегі күрделі өңдеусіз-ақ реттеп, эстетикалық әсерге қол жеткізе алады.
Тағы бір маңызды ерекшелік – 5000 мА·ч батареясы ұзақ уақыт жұмыс істейді. Ал 35 Вт HONOR SuperCharge жылдам қуаттау технологиясы қысқа мерзімде құрылғының қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. HONOR X8c негізгі артықшылығы – мықты батарея. Себебі осы санаттағы смартфондармен салыстырғанда баға жағынан да өте тиімді. Бұл пайдаланушыларға олардың құрылғысы күні бойы қосымша қуаттаусыз жұмыс істейтініне сенім береді.
HONOR X8c бұл жай ғана технологиялық құрылғы емес. Ол – күнделікті өмірді жеңілдетіп, жарқын ететін, байланыста болуға, ерекше сәттерді бөлісуге және өзіңізді қауіпсіз сезінуге көмектесетін сенімді серік.