Астанадағы балабақшада ата-аналар төбелесті (видео)
Астанадағы балабақшада екі әйелдің арасында төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Астанадағы "Балбөбек" балабақшасында болған. Желіде тараған видеодан екі әйелдің бір-бірін жұлқылап, ұрып-соққанын байқауға болады. Ал екеуінің жанында тұрған кішкентай қыз бағананың артына тығылып қалады. Сондай-ақ кадрлардан әйелдердің бірінің аяғы ауыр екенін көруге болады.
Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен екеуі де дене жарақатын алғанын айтып, полицияға арыз түсіріпті.
"Қақтығысқа қатысушылар дене жарақаттары бойынша полицияға арыз жазды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін