Қазақстандық есіміндегі әріпті қазақшалау үшін ХҚКО-ны сотқа берді
Оралда өз есімінің жазылуын қазақша әліпбиге ауыстырып, өзін тәрбиелеген өгей әкесінің тегін алғысы келген 22 жастағы тұрғын құжатын жасамаған органды сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Жігіт "Султан" деген есімін "Сұлтанға" өзгерткісі келген. Сонымен қатар өзін асырап алған әкесінің “Мұратұлы” тегін алуға шешім қабылдаған. Іс жүзінде жігіттің өгей әкесі оған қамқорлық жасап, кәмелеттік жасқа жетпей дүниеден өткен.
Жігіт өзінің биологиялық әкесін мүлде білмейтінін, ал анасының ата-ана құқығынан айырылғанын түсіндірген.
Алайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жігіттің өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Ведомство асырап алушы әкенің талапкерді тек алты ай ғана тәрбиелегенін және бұл мерзімнің жеткіліксіз екенін алға тартқан.
Жігіт мемлекеттік органның шешімімен келіспей сотқа жүгінді.
Бірінші сатыдағы сот мемлекеттік органның әрекеттерін заңды деп танып, талапты қанағаттандырудан бас тартты. Алайда апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Талапкердің талабын қанағаттандырып, мемлекеттік органның бас тартуын заңсыз деп таныды.
"Апелляция "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 257-бабының нормасын көрсетті. Оған сәйкес өтініш беруші оны іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегін/немесе әкесінің атын алып жүруге құқылы. Заң баланы тәрбиелеу фактісін растау үшін қажетті ең төменгі мерзімге қарамайды. Бұл жағдайда асырап алған әкесі талапкер кішкентай кезінде қайтыс болып отр. Бұл тегін өзгертуге кедергі бола алмайды. Атына келетін болсақ, есімді түзетуге бас тартуға заңды негіздерд жоқ. Сондықтан талапкердің талаптары заңды деп танылды", - деп хабарлады сот.
Апелляциялық соттың шешіміне шағым жасалмады және заңды күшіне енді.