Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"98 елдің ішінде 90-орында": Қазақстанда картоп экспорты 86%-ға ұлғайып, бағасы да шарықтап кетті

Қазақстан қалаларында картоп бағасының күрт өсуі бақылаусыз экспорт мәселесін және ішкі нарықтағы бағаның экспорттық бағаға тәуелді екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

2025 жылдың қаңтарында картоп келісінің бағасы 350-500 теңгеге дейін көтеріліп, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Дегенмен картоп бағасы 2024 жыл бойы көтерілді. Қазақстаннан экспорттың өсуі жаңа егіннен кейін де, ерте көктемде де байқалды. Еліміздің Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша, картоп экспортының ең үлкен көлемі өткен жылы қаңтар-сәуір және қыркүйек-қараша айларында байқалды.

Жылдың басында-ақ ай сайынғы жеткізілімдер 2023 жылдың алғашқы айларымен салыстырғанда 3 есе артып, бірнеше ондаған мың тонна болды. Жаңа егін жинау кезінде картоп экспорты айтарлықтай өсіп, айына 60 мың тоннадан асты. Ал ең көбі 82,1 мың тонна болды. 

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында елден барлығы 518,4 мың тонна картоп экспортталды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% өсті. Ақшаға келcек, динамика одан да маңызды болды.

Осы кезеңде экспорт көлемі 47 миллион доллар болып, өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 86% артық. Бұл картоп экспорты бойынша соңғы бірнеше жылдағы рекордтық сома екенін айта кеткен жөн.

Фото: Energyprom

Экспортқа картопты негізгі жеткізушілер Қазақстанның оңтүстік облыстары – Түркістан облысы мен Шымкент қаласы болды. Өткен жылдың 11 айында бұл аумақтан экспорттың жалпы көлемі 490,7 мың тоннадан асты. Осылайша ол республикалық көрсеткіштің 94,7 пайызын құрады. Солтүстік облыстардан шетелге жеткізілім өте аз болды. Ол небәрі 4,2%.

Шетелдік сатып алушыларға келетін болсақ, Қазақстаннан ең көп картоп сатып алған ел Өзбекстан: 89,3%. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында өзбек компанияларына 463,2 мың тонна картоп сатылды. Бұл бір жылмен салыстырғанда 47,7%-ға өсті. Басқа импорттаушыларға жеткізу де айтарлықтай өсті: Тәжікстанға – 2,7 есе, Түркіменстанға – 4 есе.



Шенеуніктер ел ішіндегі бағаларға экспорттық бағаның көтерілуі әсер еткенін түсінген соң, Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге картоп экспортын алты айға шектеу туралы шешім қабылдады. Олардың қатарында, 2024 жылы Қазақстаннан картоп сатып алған импорттаушы елдер бар. 16 қаңтардан бастап экспортқа шығарылатын бұл өнімге фитосанитарлық сертификат беру тоқтатылды.

Қабылданған шаралар Өзбекстан қалаларындағы бағаға әсер етті.

Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, Өзбекстан үшін негізгі шетелдік жеткізуші болған Қазақстаннан экспортқа тыйым салу аясында қаңтардың аяғында картоптың ең төменгі бағасы 85%, ең жоғарысы 37% қымбаттады. Ташкентте бір келі картоптың ең жоғары бағасы 8,5 мың өзбек сумы, яғни 339 теңге болды.

Фото: Energyprom

Numbeo.com өмір сүру минимумының ең үлкен халықаралық деректер базасында тіркелген Өзбекстан мен Қазақстандағы картоптың орташа бағасы ағымдағы жылдың 25 қаңтарында бірдей болды. Ол 1 келі үшін 0,5 доллар немесе 258 теңге. Дәл осындай баға деңгейі солтүстік көрші Ресейде де байқалды. 

Қазақстанда тұрақтандыру қорынан сатылатын картоптың бір келісінің ең төменгі құны 110-125 теңге аралығында.

Сондай-ақ басқа елдерде картоптың қанша тұратынын салыстырып көрейік. 

Оңтүстік Кореядағы картоптың құны 3,6 доллар немесе 1,9 мың теңге. Ал АҚШ картоп құны бойынша екінші орында: 2,9 доллар (1,5 мың теңге). Еуропа елдерінің дүкендерінде бір келі картоптың бағасы 1 доллардан 2,5 долларға дейін.

Numbeo.com сайтының мәліметінше, Қазақстан картоп бағасы бойынша 98 елдің ішінде 90-орында тұр.

Фото: Energyprom

Қазақстанның ірі қалаларындағы бағаның өсуіне келер болсақ, биыл қаңтар айында картоп бағасы айтарлықтай өсті. Ұлттық статистика бюросының 21 қаңтардағы дерегіне сәйкес, облыс орталықтары мен мегаполистерде картоп бір жылда 57,8%-ға қымбаттады (2024 жылдың 16 қаңтарымен салыстырғанда). Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тобының жалпы азық-түлік инфляциясы 2,5%. Картоп бағасының өсу динамикасы аймақтар бойынша әр түрлі.

Бағаның ең аз (әлі де айтарлықтай жылдам) өсуі солтүстік және орталық облыстардың ірі қалаларында – Қарағандыда (31,5%-ға) және Көкшетауда (31,5%-ға) байқалды.

Сондай-ақ картоп шетелге белсенді экспортталатын жерлерде – Түркістанда (34,6%-ға) және Шымкентте (37,7%-ға) салыстырмалы түрде шамалы қымбаттады.

Бұл маңызды өнім бағасының ең жылдам өсуі Астанада (2 есе), Алматыда (85,7%) және Атырауда (76,7%) болды.

Фото: Energyprom

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп бағасының қымбаттауына кім кінәлі екенін айтқан еді. 

Талқылау