Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектептердің бірінде қалдық тамақтар берілді деген шағым түсті: Тексеріс нәтижесі белгілі болды

Алматыда тұрғын мектептердің бірінде балаларды қалдықтармен тамақтандырып жатыр деп шағымдады. Бұдан кейін Азық-түлік сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы білім ордасына тексеріс жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

видеодан скрин

Тексеру нәтижелері бойынша қалдық тамақ өнімдерін қайта пайдалану туралы фактілер расталмаған. Алайда тамақтану ұйымында заң бұзушылықтар анықталған.

"Атап айтқанда, салаттардың қанағаттанарлықсыз сапасы тіркелді. Бұл технологиялық карта мен пісіру процестерінің талаптарының бұзылуына байланысты болуы мүмкін", - деді комиссия өкілі.

Мониторинг қорытындысы бойынша Алматы қаласының санитарлық қауіпсіздік және бақылау департаментіне хаттар жолданды. Мектеп директорына бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік шаралар қолданылатын болады. Ал департамент тамақтандыру қызметтерін жеткізушіге қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасамақ.

"Жұмыс тиімділігін арттыру үшін топ құрамы ұлғайтылды. Бейінді сарапшылардың қатысуы күшейтілді және мониторинг регламенттері бекітілді. Жұмыс Алматы қаласының барлық білім беру мекемелерінде тамақтану сапасын қамтамасыз етуге бағытталған", - деп қорытындылады комиссия.

Бұған дейін мектеп асханасында аспаздардың оқушыларға тамақ қалдықтарын жылытып, қайта берген видеосы тараған болатын. Желі қолданушысының мәлімдеуінше, оқиға Алматыдағы №67 орта мектептің асханасында болған

@saule_taskozha #минестерствопросвященияинауки #правда #ужас #pyf #67школа #рек #fyp #мектеп ♬ оригинальный звук - Сауле Айтмаганбетова
Талқылау