Қазақстанда қанша шетелдік азамат ЖСН алды
Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша шетелдіктің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көші-қон комитеті "Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына өз жауабын берген.
2024 жылы шетелдіктерге 435 мың 408 жеке сәйкестендіру нөмірі берілген. Олардың арасында:
- Ресей – 233 013;
- Өзбекстан – 121 719;
- Қытай – 25 654;
- Тәжікстан – 13 846;
- Қырғызстан – 9 308.
Салыстыру үшін, 2023 жылы 376 мың 966 жеке сәйкестендіру нөмірі берілген. Олар:
- Ресей – 181 271;
- Өзбекстан – 114 153;
- Қытай – 15 795;
- Қырғызстан – 14 322;
- Тәжікстан – 14 175.
Комитет ЖСН алу Қазақстанға келу және болу құқығын бермейтінін түсіндірді.
Сондықтан ЖСН-мен елден кеткен немесе Қазақстанда жүрген шетелдіктердің саны туралы статистика жүргізілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін Шетелдіктерге әзірге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілмейтіні туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"