Яндекс Go жол жүру бағасының динамикасын анықтады
Бір жыл ішінде Яндекс Go-дағы Қазақстан бойынша сапар минутының құны орташа есеппен 8%-ға өсті. Бұл ретте сервисті қолдануға сұраныс 28%-ға, ал сапардың орташа ұзақтығы 4,5%- ға жетті. Осы кезеңде елдегі орташа жылдық инфляция да 8,8% болды.
Сервис сарапшылары корпоративтік тарифтен басқа барлық тарифтердің минутының құны орташа есепте қанша болатынын анықтады. Бағалау кезінде сапардың бастапқы құнына әсер ететін: таңдалған тариф, жол жүру уақыты, жолдың қашықтығы, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығы немесе қарбалас сағаттағы сұраныстың артуы сияқты барлық факторлар ескерілді.
Қызмет 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қарашасына дейінгі кезеңдегі бір жыл ішіндегі сапар минутының орташа құнын салыстырды. 12 айлық деректер барлық маусымдық кезеңдерді ескереді. Соның ішінде ең жоғары сұранысқа ие желтоқсан да бар. Деректер бүкіл Қазақстан үшін және 1 миллионнан астам халқы бар ірі қалалар Алматы, Астана және Шымкент үшін бөлек есептелген.
Жалпы ел бойынша бір минуттық сапардың орташа құны 8%-ға өсті. Еліміздің Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2023 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде елдегі орташа жылдық инфляция 8,8%-ды құрады. Астанада минуттың орташа құны бір жылда 7%-ға, Алматы мен Шымкентте 10%- ға көтерілді.
Минуттың орташа құнының өсуіне жанармай, бөлшектер мен автокөліктерге қызмет көрсету бағасының артуы әсер етуі мүмкін. Саяхат бағасына ықпал ететін тағы бір маңызды фактор – сұраныс көлемінің артуы. Мәселен, маусымдық немесе қысқа мерзімді, ауа-райына немесе қандай да бір оқиғаға байланысты көбеюі мүмкін. Егер жыл бойы сұраныс қысқа мерзімді ауа райына байланысты көп болса, мысалы қыста қар көп жауса, онда бұл баға динамикасының жылдық көрсеткішіне де айтарлықтай әсер етеді.
Мұндай дүрбелең кезінде жолаушылар саны қол жетімді машиналар санынан едәуір асып түседі. Сол себептен алгоритм жолға көбірек жүргізушілерді тартып, бір уақытта сұраныстың кей бөлігін азайту үшін сапар бағасын уақытша көтереді. Ал автокөліктер барлық жолаушыларға жеткілікті болған кезде баға қайта қалыпты деңгейге оралады.
Бір жыл ішінде Қазақстанда Яндекс Go арқылы сапарларға сұраныс 28%-ға өсті. Бұл ретте сервистегі белсенді жүргізушілер саны да 8,5%-ға көбейген. Сервистің деректері бойынша, Қазақстанда бір жыл ішінде сапардың орташа ұзақтығы 4,5% -ға өскен.
Яндекс Go-да сұраныстың жоғарылауы кезінде де үнемдеуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, қолданба көлікті сәл ұзағырақ күтуді немесе жүргізушіге ыңғайлы орынға дейін бірнеше минут жаяу жүруді ұсынуы мүмкін. Тіпті "Бірге" тарифін таңдап, жолай өзге де жолаушылармен бірге барсаңыз құны төмен болады. 2024 жылы Қазақстанда осы тарифтегі сапарлар саны өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көбейген.