Қазақстандық ата-аналар балаларына балабақшаларды өздері таңдайтын болады
Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді етіп, оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Үкіметтің мәліметінше, жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады.
“Баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады.
Мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады”, – делінген хабарламада.
Ведомство қазір бұл механизмнің Қазақстанның төрт қаласында – Таразда, Шымкентте, Түркістанда және Оралда пилоттық режимде енгізілгенін жеткізді. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.
“Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істейді. Бұл тармақ балаларды тәрбиелеу мен дамытуға маңызды көмек көрсетеді, оларды оқыту мен мектепке дайындаудың тең бастапқы жағдайларын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілді”, – деді ведомство.