Әйелді 15 тәулікке қамауды ұсынып, көбейгісі келетінін айтты: Аңдамай сөйлеп, сынның астында қалған шенеуніктер
2024 жылы Қазақстан депутаттары мәжілісте түрлі есте қаларлық күлкілі сөздер мен ұсыныстар айтты. Бірі шегірткені халал өнім деп халықтың көңілін көтерсе, енді бірі қазақ тілін француз тілімен шатастырғаны үшін 738 мың теңге айыппұл арқалады. Заң шығаратындардың арасында күйеуінен таяқ жеген әйелдерді 15 тәулікке қамауға ұсынғандар да болды. Stan.kz тілшісі қызық ұсыныстарымен және ерекше жауаптарымен жұртты күлкіге қарқ қылған шенеуніктердің тізімін жасады.
Фото: Stan.kz
Жазда бірқатар өңірде егінді жайпап кеткен шегірткелерді “халал” деп оларға араша түскен премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин көпшіліктің есінде болар. Ол бұл жәндіктерді улап қана қоймай, басқа салада да пайдалануды ұсынған еді.
“Даладағы бұл жәндіктер динозаврлармен немесе мамонттармен бір жаста болғаны анық. Негізі бұл – халал өнім. Біз олармен әрқашан күресіп келгеніміз және әлі де күресетініміз анық. Оларды тіпті қандай да бір жолмен пайдалануға да болады. Шегірткелер ұшады. Олар ұшқанда қауіпсіз. Негізінен, қазір Еуропа мен Америкада ешкім ұшатын шегірткелермен күреспейді. Тек біз айналысып отырмыз. Өйткені ол бөлек ұшып кеткенде жұмыртқасын үлкенірек жерге салады”, – деген еді Серік Жұманғарин.
Кейін шенеунік бұл сөзді қазақстандықтардың көңілін көтеру үшін айтқанын түсіндіріп, шегіртке жеуге кеңес бермейтінін айтты.
@info13kz ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 2023 жылғы егістікті жайпаған шегірткелер шабуылына тоқталды. Бұл туралы вице-премьер 5 маусымда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты. "Динозаврлар мен мамонттармен құрдас болып табылатын шегіртке әрдайым бізбен бірге біте-қайнасып жатады. Біз онымен әрдайым күресіп келеміз, алда да күресетін боламыз. Кейбір елдер оны өсіріп, одан керемет дәмді ақуыз тағамдар дайындауды үйреніп алған. Бірақ бұған Қазақстанның қатысы жоқ, шын мәнінде ол халал өнім", – деді Серік Жұманғарин. Оның айтуынша, Үкімет 2023 жылы шынымен де сәтсіздікке ұшырады, кейбір аймақтар аталған жәндіктердің шабуылынан қатты зардап шекті. "Өткен жылы жағдайды жіберіп алдық, оны жасырмаймын. Шегірткелер қаптап кетті. Жалпы, ұшатын шегірткелер қауіпті емес. Негізінен, қазір Еуропа мен Америкада ешкім ұшатын шегірткелермен күреспейді. Тек біз айналысып отырмыз. Өйткені ол бөлек ұшып кеткенде жұмыртқасын үлкенірек жерге салады”, дейді Жұманғарин. Өйткені ол ұшып жүріп, бар жерге өз жұмыртқаларын тастап жүре береді", – деді Серік Жұманғарин. Вице-премьер шегірткенің табынмен жүретін жәндік екендігін, сондықтан олар белгілі бір аумақтарда кеңінен тарап, қиындық туғызатынын айтты. "Бұл жәндіктердің ерекшелігі осындай. Топ-тобымен жүреді. Алдымен олардың орналасқан орнын анықтау керек. Бұл - ең үлкен проблема", - деді Серік Жұманғарин. Бұған дейін Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы жылы шегірткелер Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында көптеп тарайды деп күтілетінін айтқан болатын.
♬ оригинальный звук - Ақпарат Агенттігі
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев та иттерді кастрациялауға қарсы шығып, тіршілік иесі болған соң бәрінің көбейгісі келетінін айтып, күлкіге қалған еді. Көбейгісі келетін тіршілік иелерінің қатарына депутат өзін де қосты.
“Кез келген биологиялық тіршіліктің басты мақсаты – көбейіп, ұрпақ қалдыру. Мен де ұрпақ жалғастырғым келеді, бәрі көбейгісі келеді. Микробтар да көбейгісі келеді. Солай ма? Күлмеңіздер. Бірақ стерильдеу туралы айтқанда, біз жануарларды осы мүмкіндіктен айырамыз. Стерильдеуді талап етуді адамгершілікке сай әдіс деп санайсыздар ма. Ұрықсыздандыру жануардың, әсіресе еркек жануардың өмір ұзақтығына ешқандай әсер етпейді. Егер менің аталық ұрық безімді кесіп алып тастаса, Құдай сақтасын, ыңғайсыз әрине, бірақ айтуға тура келіп тұр, мен өзімді сау адам деп есептемеймін”, – деп ашынған еді Анас Баққожаев.
Бұған дейін депутат әйелін өлімші етіп сабап, өлтіріп қойған еркектер үшін жазаны қатаңдатуды ұсынудың орнына, “жанжалға әйел себеп болады, тілі ұзын” деп, еркектерді түсінуге шақырып оңбай сынға қалған еді.
“Әйелге еркектің ең сорлысы ғана қол көтереді. Бірақ барлық жанжал ұрып-соғу мен төбелестен туындамайды. Еркектерді де түсіну керек. Жанжал неден басталады? Әрине, әйелдің тілі ұзын болғандықтан. Әйелдер мені кешірсін, бірақ мұндай фактілер де бар. Қазақта мынадай жақсы мақал бар: "Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс" дейді. Сондай-ақ "Ерге жақсы әйел – елге де жақсы" дейді. Өкініштісі, барлығымыз қазақы тәрбиеден алшақтап жатырмыз", – деген еді ол.
Аз уақытта күрт өсіп, 500 теңгеден асқан доллар бағамы Ұлттық банк өкілдерін еш таңғалдырмады. Олар қазақстандықтарды 500 теңгені жай ғана сандар деп қабылдауға шақырды.
“500 деген – жай сандар. Меніңше, біз сандарға көбірек мән береміз. Бірақ біз үшін валютаның серпіні маңызды”, – деп мәлімдеме жасаған еді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.
@pure.politics Бұларға ашейін цифра ал бізге ше? #fyp #policy #экономика #тенге #инфляция #инфляциявказахстане #rec ♬ оригинальный звук - Саясат
Депутат Амантай Жарқынбек тұрмыстық жанжал үшін еркекті ғана жазалауды тиімсіз санап, есесіне әйелді де күйеуімен 15 күнге қамауды ұсынып, көпшіліктің ашуына тиген еді.
“Қазақта намыс, ұят деген бар. "Мені қаматып тастаған әйелдің қасына барғанша, өлгенім артық" дейтін ер адамдар шығады. Ондай азаматтар біздің қоғамда өте көп. Біздің заңда арандатушы деген ұғым бар. Осы тұрғыда әйел адамның да мойнына жауапкершілік қойылуы керек. Ер азаматты 15 күнге оқшаулап жабу керек пе, кінәлі деп табылса, сонымен бірге әйелін де жеке жабу керек деп ойлаймын. Өйткені отбасына түскен жауапкершілікті теңдей бөлсе, отбасын шайқалтқан жауапкершілік те бірдей болуы керек. Сонда біз көп мәселені тізгіндей аламыз", – деген еді депутат.
Фото: Парламент/Амантай Жарқынбек
Тағы бір мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев “массмедиа” сөзінің мағынасын түсінбей, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевдан “масс” сөзінің мәнін түсіндіріп беруін сұрады. “Мас адам” деген сөзді ғана білемін деп мойындаған шенеунік осылайша сөздік қорының айтарлықтай кең емес екенін көрсеткендей.
“Масс медиа”, “масс” деген сөздің мағынасы қандай? Мас адам дегенді білетін едік. “Масс медиа” дегенді бірінші рет естіп отырмын”, – деп айналасындағыларды күлкіге қарқ қылған еді Самат Мұсабаев.
@imediacom.kz ⚡️Депутат Мажилиса Самат Мусабаев задал интересный вопрос министру культуры и информации Аиде Балаевой, передает iMedia.com.kz На пленарном заседании Мажилиса во время принятия поправок в законопроект «О массмедиа» Мусабаев поинтересовался, что означает слово «масс» в данном случае. «Может быть, мой вопрос не по теме. Какое значение у слова «массмедиа»? Именно у «масс». Знаю, что такое «мас адам» (пьяный человек), а «массмедиа» в первый раз слышу», - сказал депутат. Министр улыбнулась и сказала, что этот вопрос уже поднимали во время разработки законопроекта. Тем не менее на вопрос министр не ответила. В свою очередь, Ерлан Кошанов добавил, что слова «мас» и «масс» пишутся по-разному. #imediacomkz #астана #масмедиа #сми #парламент #депутат ♬ оригинальный звук - iMediacomkz
Қаңтарда жер сілкінісі алматылықтарды дүр сілкіндірген еді. Осы тұсқа халық ескерту жүйесі іске қосылмады деп, цифрландыру вице-министрі Асхат Оразбектен жауап алған еді. Шенеунік қызметкерлерінің міндетін қалтқысыз орындап, ескертуді уақытылы жібергенін айтып ақталды. Мұнысына дәлел келтіргендей, мектепте орыс тілінен беске шыққанын айтып қалған еді.
“Жолдастар, мен мектепте орыс тілінен беске шыққанмын”, – деген Асхат Оразбектің сөзі көпті күлдірткен еді.
Айлығы шайлығына жетпей жүрген қазақстандықтарға көп табыс табыңдар деп кеңес берген сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев халықтың ашуына тиген еді.
“Мынандай жақсы сөз бар. “Көп шығыннан емес, аз табыстан қорқыңдар”. Көп ақша тауып, жұмыс істеу керек”, – деген еді Арман Шаққалиев.
@aitabersin_kz Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев не бойтесь больших расходов, бойтесь маленьких доходов @yyedilov #казахстан🇰🇿 ♬ оригинальный звук - AITABERSIN_KZ
Ал депутат Азамат Айтқожин “Астанаға кім көрінген бей-берекет кіреді” деп алаңдап, тезірек блокбекет орнатуды тапсырған. Мұнысы ел қауіпсіздігін ойлау емес, көпшілікке басқаларды шеттету боп көрінген секілді.
“Барлығы астанаға асық! Блокбекеттерді орнату керек. Біз жолды бөгеу мәселесін тезірек көтеруіміз керек. Әйтпесе елордаға көрінген адам келеді”, – деген еді шенеунік.
Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері, қызметке келгелі басы даудан арылмаған Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті келемеждеп, сынның астында қалды.
“Сен қазір француз тілінде сөйлеп тұрсың ба? “Paris, se va bien (ред. Парижде бәрі жақсы). Бұл сұрақ па, жоқ басқа ма”, – деп тілшінің сұрағына сұрақпен жауап берді Станислав Черчесов.
Болған жағдайдан кейін Спорт министрлігі Черчесовтың әзіліне байланысты федерациядан түсініктеме талап етті. Нәтижесінде қазақ тілінде сауал қойған журналисті келемеждеген Станислав Черчесовке 738 мың теңге айыппұл салынды.
Тағы бір мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи “2030 жылы елде соғыс болады” деп болжам жасап, халықты алаңдатып қойды. Ол қорғаныс министрлігіні негізгі міндетін еске салды.
“Қорғаныс министрлігі, сіздер қауіпсіздікке жауаптысыздар. 2030 жылы соғыс болады деген қауіп бар — осындай болжамдар тіпті қорғаныс ведомствосында да бар. Әлемдік сарапшылардың пікірлері ескерусіз қалды. Осындай жағдай болып жатқанда жалпы ішкі өнім 0,68% деген не сөз? Бұл есеп қайдан алынған”, – деген депутаттың сұрағы жауапсыз қалды.
Фото: mazhilis_kz
Туған тілін білмеген астаналық қазақтарды “намыссыз” деп айыптаған депутат Абзал Құспан осы сөзі үшін көпшіліктің ашуын туғызған еді. Орыс тілінде шүлдірлеген балалардан түңілген мәжіліс депутаты олардың ата-анасын жерден алып, жерге салды.
"Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем. Дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін”, – деген еді Абзал Құспан.
Парламент қызметкеріне бірнеше рет харрасмент жасады деп экс-депутат Асқар Садықовтың басы дауға қалған еді. Оның қызметкерден бала сүйгісі келетінін, тіпті оның қолынан сірке суын ішуге бар екенін жазған хаттары тарады.
“Иә, патшайым, бас тартуға құқығым жоқ. Сенің қолыңнан сірке суын ішсем де, ризамын. Патшайым! Нақ сенен бала сүйгім келеді. Біздің әдемі балаларымыз болады. Сен сөзсіз тамаша ана боласың. Тек перзентханаға дейін тоғыз ай бұрын жағымды нәрсе жасау керек”, – деген хабарламадан кейін Асқар Садықов мандатынан айырылып, отставкаға кеткен еді.
Фото: Хат алмасудың скриншотын Азат Перуашев Telegram желісінде жариялады
Бірыңғай уақыт белдеуі де депутаттардың дөрекі мәлімдемелеріне себеп болды. Қараңғылықтан шаршаған қазақстандықтар 19 желтоқсанда уақыт белдеуін ауыстыруды ұсынған Еркін Әбілді мандатынан айыруды талап етіп, петиция бастаған еді. Алайда депутаттың өзі бұл шешімді қолдайтындардың қарасы көп екенін айтып, дес бермейді.
Фото: Instagram.com/yerkinabil
“Біреуді надан деп айыптамастан бұрын, мектептегі жаратылыстану пәнін қайталап, уақыт белдеуін оқыңыз”, – деді Еркін Әбіл.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “билет бағасын аспандатып, бізді менсіңбейсің” деп Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостерге ренжіген еді. Ол әуе компаниясының басшысынан мемлекеттік тілге басымдық беруді талап етті.
“Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге Африкадағы абориген емеспіз. Ештеңені түсінбейтін! Ойнамаңыз, бізді күліп менсінбей. Бұл парламент! Осы жерде отырғандардың бәрі – халық сайлаған адамдар”, – деді ол.
Депутаттардың арасында шеті мен шегі жоқ айыппұлдарға қарсы шығып, батыл мәлімдемелер жасағандар да болды. Азат Перуашев Қазақстанда айыппұлдардың өсуі тоқтамаса, еліміз “штрафстанға” айналады деді.
“Бағадағы қате үшін 700 мың айыппұл төлегеннен гөрі тексерушіге 100 мың теңге төлеп құтылған оңайырақ. Мемлекет жазалап қана қоймай, ынталандырып, тәрбиелеуі керек. Мынау ұялатын тірлік қой, мырзалар. Қайдағы бір "Штрафстанды" жасап жатқан сияқтысыздар, бірақ біз қалыпты және теңгерімді нарықтық экономиканы құрғымыз келеді", – деді Азат Перуашев.
Осылайша, биыл отандық депутаттар мен шенеуніктер қазақстандықтарды таңғалдырудан жалыққан жоқ.