"Минус 35 °C-қа дейін аяз": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар, бұрқасын мен көктайғақ болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің болжамынша, 24 желтоқсанда республиканың көп бөлігінде жауын-шашын болады.
25-26 желтоқсанда еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық бөлімдердің өтуімен және циклонның әсерімен қар жауады. Ал республиканың оңтүстік-батысында қар аралас жаңбыр болжануда.
Тек антициклон әсерінен еліміздің оңтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел, еліміздің батысында көктайғақ болжануда.
Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20 -35 градус аязға дейін жетеді. Ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"