Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 адамды қағып, үшеуі мерт болған": Қарағандылық тұрғын жол апатына кінәлі жүргізушінің жазасыз жүргеніне наразы

Қарағандылық тұрғын 5 адамды қағып, үшеуі көз жұмған жол апатына кінәлі жүргізушінің жазасыз жүргеніне наразы. Айтуынша, полиция жүргізушіні жауапқа тартпай, істі жауып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі HALYQSTAN Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Желі кадрларынан скрин

Қайтыс болғандардың бірінің жұбайы Наталья Терехова оқиғаны баяндап берді. Айтуынша, оқиға 2024 жылдың басында болған. Сол кезде әйел күйеуінен айырылды.

“6 ақпанда жұбайым Александр Терехов үш әріптесімен бірге Toyota 4Runner көлігімен іссапарға аттанды. Осакаровка ауданындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында көліктің оң жақ дөңгелектерінің жүруіне қар көшкіні кедергі жасайды. Рульде отырған Александр жол талғамайтын көлікті теңестіруге тырысқанымен сол жақ дөңгелек те қар құрсауына кіріп кетеді. Нәтижесінде автокөлік жол жиегіне шығып, төмен құлап, аударылып түседі. Дегенмен, ішіндегілер аман-есен шығып, олар көлікті аударып орнына қоюға тырысқан. Сол кезде жолда өтіп бара жатқан такси жүргізушісі де көмекке келген. Көлікті аударуға әлдері келмеген соң, жол жиегінен жоғары трассаға қарай 5 адам көтеріле бергенде қар құрсауына түскен тағы бір Honda көлігі бесеуін қағып кеткен”, – деді Наталья. 

Александр, оның әріптесі және такси жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Александрдың тағы екі әріптесі ауыр жарақат алған.

“Олардың бірінде бірнеше сынықтар, екіншісі-бас сүйегінің зақымдануы диагнозы қойылды. Екіншісі соңғы 12 күнді комада өткізді. Дәрігерлер бас сүйегінің бір бөлігін пластинамен алмастырды. Қағып кеткен жүргізуші кейін адамдарды көрмегенін және бес адамға бірдей зақым келтіргенін тек жол полицейлерінен естігенін айтыпты”, – деп қосты ол. 



2024 жылдың ақпанынан бастап қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары апат фактісі бойынша істі сотқа берген. Істі Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу тобы қолға алған. Ал сәуір айында жәбірленушілерге алғашқы сараптаманың нәтижесі жіберілген.

Натальяның айтуынша, құжатта 5 адам мінген көлік туралы ақпарат өте аз болған. Қорытындылардағы мәліметтерге сәйкес, сарапшылар Honda-ның қандай жылдамдықпен қозғалғанын анықтай алмаған. Өйткені жолда іздер мен тежегіш орындары көрінбеген.

Наталья Терехова қосымша сараптамаға өтініш берген. Бір жарым айдан кейін апаттың мән-жайын қайта зерттеуге комиссия құрудан бас тартылған. Бұған себеп мамандардың жетіспеуіне байланысты болған екен. Алайда өтініште жәбірленуші алматылық сарапшыларды тартуды да сұраған. Алайда бұған да сәтсіз жауап келген.

Қараша айында қаза тапқандардың әйелдеріне тергеу тобы қайта құрылып, іс Осакаров ауданының полиция бөліміне жіберілгені туралы хабарлама келген. Ал 4 желтоқсаннан кейін тергеу тоқтатылған. Жәбірленушілер болса, бұл туралы тек 16 желтоқсанда естіген. 

“Мен бұл жаңалықты естігенде таңғалдым. Жақсы жас бала ғой, соттамаса соттамасын! Алайда айыппұл немесе жүргізуші куәлігінен ең болмағанда 1 жылға айыру сияқты жазаға тарту керек қой. Өз ісіне жауап беруі керек емес пе?”, – деп қорытты марқұмның жұбайы. 

Талқылау