Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда перзентханалардың бірі доула маманына босануға қатысуға тыйым салды

Алматының Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында доула маманының босануға қатысуына тыйым салынды. Босанатын әйелдерге күтім жасайтын бұл мамандарды процесске қатыстырмау қаншалықты орынды? Мамандар жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Доула – елімізде жаңадан келген сала болса да, қазірдің өзінде танымал маман. Ол босанған әйелдің көмекшісі болып, күтімін жасайды. Оның көмегіне көп қазақстандықтар жүгініп жүр. 

“Олар мүмкіндігінше қамқорлық жасайды. Қазір перзентханаға көп адамды кіргізуге болмайды. Сол себептен олардың орнын 1 адам, кәсіби маман алмастырады. Доула – ананың күтушісі”, – деді "КОКОН" Доула мектебінің негізін қалаушы Әйгерім Тұрланова.

Ақтөбедегі перинаталдық орталықтың перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Анара Әмірқұлова серіктестік босанудың тиімділігі ғылыми дәлелденгенін айтады. Бірақ бұл ретте доула медицина қызметкерлерінің жұмысына араласпауға тиіс. Көмекші медициналық қызмет көрсетпейді, дәрігерді алмастыра алмайды, тек босанған әйелге көмектеседі.

“Негізінде біз доулаларға тыйым салмаймыз. Бізге жиі келеді. Олар дәрігерлердің ісіне араласпайды”, – деді дәрігер акушер-гинеколог Анара Әмірқұлова.

Доула қызметінің құны – орта есеппен 150 мың теңге. Көбі босанатын әйелдермен келісімшарт жасасып, ашық жұмыс істейді. Заңгер Серей Уткиннің айтуынша, ең дұрысы, келісімшарт жүкті әйел жүгінетін клиникамен де болуы керек. 



“Әрине, бұл оларға ұнамайды. Бұл – медицина қызметкерлері үшін бұрын болмаған қосымша бақылау. Пациенттерге ұнайтындықтан рұқсат етілуі керек”, – деді заңгер Сергей Уткин.

Бүгінде Қазақстандағы перзентханалар доула қызметін реттейтін нормалардың жоқтығына қарамастан, оларға жұмыс істеуге тыйым салмайды. Өйткені мақсат – әйелге көмектесу.

Осы жайтқа байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Алматы перзентханасында доулалардың болуына тыйым салуға байланысты пікір білдірді.

“Негізі бұған тыйым салынбайды. Тек бұл маманның босануға қатысуының санитарлық мүмкіндігінің болмауына байланысты болған оқиға. Яғни, санитарлық кітапшасы болмаған. Жалпы бұған тыйым салынбайды", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Талқылау