Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп үкіметті сотқа берген заңгер істе жеңіліп қалды

Шығыс Қазақстан облысында уақытты ауыстыру туралы іс бойынша үкіметті сотқа берген заңгер Серікжан Ахметжанов соттан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “КТК” арнасы сюжеттерінен

Сот №1749 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап арызы бойынша істі қарады.

Заңгер №20 қаулының 3 және 3-1 тармақтарына шағымданғысы келген. Сонымен қатар елдің бүкіл аумағына бесінші уақыт белдеуін қолдануды талап еткен.

Серікжан Ахметжанов алғашқы отырыста екі сағатқа жуық сөз сөйлеген. Ол уақытты аудару процесін жобалаудағы заңнамалық олқылықтарды да, оның айтарлықтай салдарын да жеткізді.



"Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Даулы қаулыларды қабылдауды үкімет ҚР Конституциясының 69-бабында берілген өкілеттіктер шеңберінде іске асырды. Оған сәйкес үкімет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Сонымен қатар 2000 жылғы 23 қарашадағы қаулы қабылданғаннан бері 24 жылдан астам уақыт өтті. Талапкер жалпы ескіру мерзімін үш жылға өткізіп алды. Нормативтік-құқықтық акт мәтінінің жартысынан астамын өзгерту туралы дәлел расталмады", – деп қорытындылады сотта.

Еске салсақ, бұған дейін заңгердің сотқа шағым бергені туралы хабарлаған едік.

Талқылау