Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам үйлену тойына ақшадан жасалған он метрлік шлейф киген

Пәкістанның Пенджаб аймағында ер адам өз үйлену тойында банкноттардан жасалған шлейф-гирлянда киген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dunya News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның тойындағы фотосуреттері желіде таралып кетті. Кейбір деректер бойынша, ерекше аксессуарды тойдың сыйлығы ретінде ер адамның бауыры берген. Шлейф жасауға 50 және 75 рупий номиналындағы 2000 банкнот жұмсалған. Жалпы алғанда, бұл 100 мың пакістан рупийін (шамамен 37 мың ресей рублі) құрайды. Гирлянда той өтетін жердегі дәліздің көп бөлігін алып тұрған.

Гирлянданы тойдың ресми бөлігінде 5-7 ер адам қолдап, көтеріп жүрді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Желтоқсан, 2024 19:15