Шымкентте білім бөлімінің басшысы мен 18 колледж директоры жауапқа тартылды
Шымкент қаласының прокуратурасы білім басқармасының қызметінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратура техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде заңдылықтың сақталуын талдады.
"Тексеру барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды: Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешімі бойынша негізсіз өзгерістер енгізілген; Кейбір мамандықтарға қажетті лицензиялар болмағанына қарамастан, гранттар берілген", — деп жазылған хабарламада.
Тексеру қорытындысы бойынша 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды, олардың ішінде:
- 18 колледж директоры;
- Шымкент білім басқармасының бөлім басшысы.
Прокуратура заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған