Аю алтын өндіруші комбинатқа кіріп басшысының денесін бөлшектеп тастады
Камчаткада аю алтын өндіруші комбинаттың аумағына кіріп, оның директорының орынбасарын жазым қылды. Ол адамды сайға апарып денесін бөлшектеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 112
112-нің мәліметтері бойынша, аю тікелей Карагин ауданындағы Озернин тау-кен металлургия комбинатының аумағына кіріп кеткен. Оның алдынан кеніш пен зауытқа иелік ететін "СиГМА" компаниясы бас директорының технология жөніндегі орынбасары 46 жастағы Денис Шалдыбин шыққан.
Аю ер адамды 40 метрге дейін ең жақын сайға сүйреп апарады. Зауыт қызметкерлері оның айқайын естіп, көмекке жүгірді. Қан мен сүйреген іздер арқылы оны табады. Алайда құтқаруға кеш болды. Сайда бірнеше бөлікке бөлінген басшының жансыз денесі табылды. Кәсіпорынның қауіпсіздік бастығы аюды сол жерде атып өлтірді. Полиция мен тергеу комитеті тексеруді бастады.
Негізі аю бұл кезде ұйықтауы керек еді. Бірақ еріген қар күннің жылынуы оны ұйқысынан оятып, азығын аулауға итермелеген.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды