Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар барысы Азаматтық авиация академиясында": "Сәлем, Эйрбарс!" ақциясы көпшілікті қуантуда

Сенсация? Бұл академияның бойтұмары - "Эйрбарс". Студенттер онымен суретке түсіп, бейнежазба түсіруге асығуда. Осылайша, Азаматтық авиация академиясы өзінің 30 жылдық мерей тойын тойлауды бастады. Осыған орай бірқатар іс-шаралар да жоспарланған. Соның ішінде масштабты "Сәлем, Эйрбарс!" ақциясы да бар!

Акция 2025 жылдың қаңтарында басталып, жыл бойы жалғасады. Ай сайын Қазақстан әуежайларының бірінде ішкі рейстердің жолаушылары Эйрбарсты кездестіреді. Одан авиация туралы көбірек ақпарат біле алады. Ал жолы болған кездейсоқ жолаушылардың бірі тіпті сыйлыққа ие бола алады.

Ғажайып эмоциялардан бөлек, бұл акция авиациялық мамандықтардың маңыздылығына да назар аударады. Тікұшақ пен ұшақ ұшқыштары, авиадиспетчерлер, авиамеханиктер, логистер, ұшқышсыз авиациялық жүйе операторлары және басқаларына байланысты. Академия бакалавриаттың 14 білім беру бағдарламасы, магистратура мен докторантураның екі бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. Сондай-ақ, авиациялық колледж орта техникалық буын мамандарын дайындайды. Жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттырумен айналысатын авиациялық оқу орталығы да бар.

Соңғы бес жылда жоғары оқу орны белсенді түрде өзгеріп, білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғыртуда. Сонымен қатар EASA сертификаттауға дайындық жүріп жатыр. Бұл еуропалық стандарттар бойынша мамандар шығаруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңға дейін ЖОО 7 500-ден астам маман мен 4 000-нан астам колледж түлектерін дайындап шығарды.

Азаматтық авиация академиясы дәстүрлерді сақтап, инновацияларды енгізе отырып дамып келеді. Соның бір дәлелі ұрпақтар арасындағы көпірге айналатын жаңа Азаматтық авиация тарихы мұражайы. Академия жұртшылықты өткен жылдардағы жәдігерлермен, нысандармен және Қазақстандағы авиация тарихы туралы баяндайтын құжаттармен бөлісуге шақырады. Мұражай сондай-ақ азаматтық авиация ардагерлерімен дәрістер, семинарлар және кездесулер өткізу үшін білім алаңына айналады.

Мерейтойлық жылға Академия айтарлықтай өзгерістер дайындауда. Оқу әуеайлағын салу және оқу орталықтарын, оның ішінде жаттығу залдары, зертханалар мен жабдықтарды жаңғырту жобасы әзірленуде. 2024 жылғы қыркүйектен бастап ұшқышсыз авиациялық жүйелермен (ҰАЖ) жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау басталды. Теориялық даярлықты авиакәсіпорындардағы практикалық жұмыспен үйлестіретін дуалды оқыту жүйесі енгізілуде.

Бұл бастамалар Академияның авиация саласындағы жетекші білім беру орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтып қана қоймай, өсіп келе жатқан ұрпақты перспективалы мамандық таңдауға шабыттандырады.

Азаматтық авиация академиясының әлеуметтік желілерінде "Сәлем, Эйрбарс!" акциясын бақылап, мерекеге қосылыңыз!

Академия туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемелерден біле аласыздар:

https://www.instagram.com/agakaz_almaty/ ,

https://caa.edu.kz/ ,

https://www.tiktok.com/@agakaz_almaty 

 

Талқылау