Қазақстанда енді “Қазпошта” сәлемдемелерін SMS және QR код арқылы үшінші тұлғалар да ала алады
Қазақстанда енді “Қазпошта” сәлемдемелерін SMS және QR код арқылы үшінші тұлғалар да ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мұндай өзгеріс "Пошта туралы" заң жобасында қарастырылған.
Құжатты Мәжілісте қарау барысында депутат Екатерина Смышляева заң бойынша қазір "Қазпоштада" сәлемдемені тек адресаттың жеке өзіне ғана ала алатынын, жақын туысы сәлемдемені алғысы келсе, сенімхат қажет екенін айтты. Бұл
тауарларды жеткізетін курьерлер үшін де, тапсырыс берушілер үшін де ыңғайсыз.
Заң жобасының ережелері бұл процедураны жеңілдетеді. Қабылданған жағдайда, үшінші тұлғалар тауарды ала алады, бірақ олар курьерге қабылдау кезінде клиенттің телефонына жіберілген SMS кодын айтуы қадет. Сондай-ақ QR коды арқылы да сәлемдемеңізді ала аласыз.
Сондай-ақ құжатта "Қазпошта" АҚ үшін кедендік брокерлік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны ұзарту қарастырылған. Бұған дейін халықаралық платформаларда 100 мың теңгеден қымбат тауарды сатып алғанда, сатып алушылар оны кеден органдарында өз бетінше тіркеуі керек болатын.