Абу-Дабиден 39 діни кітап әкелген түркістандықтар әуежайда ұсталды
Көлік полициясының қызметкерлері Түркістан тұрғындарынан діни әдебиеттерді тәркілеп, ер азаматтардың әрқайсысына 184 600 теңгеден айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
Оқиға Абу-Дабиден Түркістанға ұшқан рейс кезінде болған. Әуежайда күзеттен өтіп бара жатқанда Түркістанның 59 жастағы екі тұрғыны ұсталды.
Тексеру барысында ұсталғандардан діни мазмұндағы 39 кітап тәркіленді. Олардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184 600 теңге айыппұл салынды.
"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" pаңына сәйкес, діни әдебиеттерді елге әкелуге дінтану емтиханының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана тіркелген діни бірлестіктерге рұқсат етіледі”, – делінген хабарламада.
Бірақ тек өздері үшін 1 кітап алса, жауапкершілікке тартылмайды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"