Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 510 теңгеге жетті

KASE кешкі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,84 теңгеге көтеріліп, 500,42 теңгені құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Күнделікті сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 499,51 теңге болды.

Ұлттық валюта қазірдің өзінде 500 теңге межеден асып кетті. 

Еске салсақ 2022 жылдың наурыз айында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 459,15 теңгеден – 512,17 теңге дейін өзгерді. 2022 жылдың наурыз айының соңында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 467,03 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы бойынша 1 доллар 498,51 теңгені құрайды.

Ал Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар бағамы көтерілді. Бірқатар қалаларда америкалық валютаның сатылымы қазірдің өзінде 510 теңге шамасында.


"Бұл жай ғана сандар": Ұлттық банк өкілі доллардың қымбаттауына қатысты пікір білдірді


Сағат 17:30-дағы жағдай бойынша сатып алу-сату бойынша доллардың орташа бағамы:

Астана: сатып алу – 501,00 теңге, сату – 507,15 теңге;

Алматы: сатып алу – 504,23 теңге, сату – 508,56 теңге;

Ақтау қ.: сатып алу – 496,00 теңге, сату – 502,00 теңге;

Ақтөбе: сатып алу – 503,50 теңге, сату – 509,50 теңге;

Қостанай: сатып алу – 502,25 теңге, сату – 506,50 теңге;

Павлодар: сатып алу – 502,75 теңге, сату – 507,88 теңге;

Семей: сатып алу – 499,60 теңге, сату – 507,33 теңге;

Шымкент: сатып алу – 506,58 теңге, сату – 509,53 теңге.

Ең жоғары бағам Алматы мен Шымкентте тіркеліп, доллар сатылымы 510 теңгеге жетті.

Еске салсақ, мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев палата отырысында үкіметтің қаржы-экономикалық блогын және ұлттық банктің валюта саясатына қатысты көзқарасын сынға алған еді.

 

Талқылау