"Әке құқығы бұзыла ма": Қазақстандық декрет нормаcы бойынша конституциялық сотқа шағымданды
Қазақстандық конституциялық сотқа кәмелетке толмаған балаларды күту уақытын еңбек өтілінде есепке жатқызу туралы нормаға шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Конституциялық сотта жұмыс істемейтін аналар үшін балаларға күтім жасау уақыты зейнетақының еңбек өтіліне есептелетін тармақ туралы мәселе көтерілді. Мұнда әрбір бала үшін үш жылдан аспайтын және жалпы алғанда ең көбі 12 жыл декреттік есепке алынатыны көрсетілген.
"Еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемейтін ананың ғана балаларына күтім жасау уақытын көздейді. Сонда бұл норма конституцияның кемсітпеу қағидатын, сондай-ақ ана мен әке, баланы тең қорғауды көздейтін 14 және 27-баптарына қайшы келеді", – делінген шағымданушының өтінішінде.
Конституциялық соттың қорытынды шешімі әлі шыққан жоқ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"