Қазақстан төлқұжаты Орталық Азияда ең мықты деп танылды
Қазақстан төлқұжаты Орталық Азиядағы ең қуатты төлқұжат атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
VisaGuide Passport Index 2024 төлқұжаттар рейтингінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең күшті ел деп танылып, 106-орынды иеленді. Аймақтағы елдердің ішінде Қазақстан төлқұжаты Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан төлқұжаттарын басып озды.
Қазақстан төлқұжаты визасыз кіру мүмкіндігін, келу кезінде алынатын визаны, электрондық визаларды және жаһандық ұтқырлықтың басқа аспектілерін ескеретін баллдық жүйе – Destination Significance Score (DSS) бойынша 36,66 ұпай жинады.
Қазақстандықтарға шенген визасын алуды жеңілдету үшін Еуроодақ келіссөзге дайын екенін растады
Рейтинг бойынша Қазақстан азаматтары 47 елге визасыз бара алады, 30 ел алдын ала виза алуды талап етеді, ал тағы 30 ел келгеннен кейін виза алуға мүмкіндік береді.
Ал Өзбекстан төлқұжаты 125-орынды (27,62 ұпай), Қырғызстан – 134-орын (23,33 ұпай), Тәжікстан – 141-орын (21,76 ұпай), Түркіменстан – 161-орынды (17,55 ұпай) иеленді.
Сингапур төлқұжаты 91,27 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Сингапур азаматтары 160 елге визасыз бара алады. Үздік бестікке Испания, Италия, Франция және Венгрия кірді.
Рейтинг бойынша әлемдегі ең әлсіз төлқұжат Сомали азаматтарына тиесілі.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Сент-Китс және Невис аралдарымен визасыз режимге қол қойғаны туралы жазған едік.