Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызыл теңіз жағалауында 45 адам мінген туристік яхта апатқа ұшырады

Мысырда туристік яхта апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қызыл теңіз жағалауында 45 адам мінген туристік яхта апатқа ұшырады. Бортта 14 экипаж мүшесі мен 31 турист болған.

Яхтада қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.

Жедел топ Sea Story яхтасынан 28 адамды құтқарып үлгерді. Биліктің мәліметінше, 17 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Амр Ханафи мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта Марса Алам қаласының оңтүстігінде апатқа ұшыраған Sea Story туристік яхтасымен болған оқиғадан кейін 28 адам сәтті құтқарылды", – деп хабарлайды басылым.

Губернатор аман қалғандарға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол құтқару топтарына зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін үздіксіз жұмыс істеуге бұйрық берілгенін атап өтті.

Яхта 24 қарашада жолға шығып, Хургадаға 29 қарашада қонуы тиіс еді. Апаттың себептері әлі анықталуда.

 

Талқылау