Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Dreame: Техника өндіруші компания Қазақстандағы сән мен стильдің дамуына қалай атсалысып жүр

Алматыда ең ауқымды халықаралық “Eurasian Fashion Week” сән апталығы өтті. Шараны ұйымдастыруға “Dreame” компаниясы қолдау білдіріп, отандық дизайнерлерінің туындыларын Еуразия ауқымында көрсетуіне өз үлесін қосты. Сонымен қатар, компания шараға келушілерге тұрмыстағы тірліктерді уақыт құртпай-ақ орындауға көмектесетін техникасын таныстырды. Ұтыс ойыны мен қайырымдылық қолдауды да жасап үлгерді. 

Фото: Анна Додонова @anna_dodonova_

“Eurasian Fashion Week” –  әлемдік және отандық дизайнерлердің өз топтамаларын баршаға ұсынатын бірегей алаң. Бұл шара отандық дизайнерлердің туындыларын әлемдік аренада насихаттауға, Қазақстанның креативті экономикасын дамытуға арналған.

Сән апталығының осындай ауқымда өтуіне өзінің тұрмыстық техникаларымен қазақстандықтардың таңдауына айналған “Dreame” компаниясы да үлес қосты. Компанияның нарыққа шыққанына бір жылдан астам уақыт өткенімен бүгінде өнімдерімен көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген. Одан бөлек, компания еліміздегі көптеген іс-шараларға қолдау білдіріп, белсенділік танытуда. 

Фото: Z30 және Hair Miracle

“Dreame” компаниясының Қазақстандағы бөлшек сауда директоры Сергей Чепрасов Dreame мен EFW серіктестігінің үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Айтуынша, технология мен сән саласы әлемде бірге байланыса дамуда. 

“Қарапайым адам технология мен сән саласын бір-біріне қатысы жоқ деп ойлауы мүмкін. Алайда іс жүзінде екі сала да жайлылық пен еркіндік, эстетика үшін жұмыс істейді.
Eurasian Fashion Week – тек Қазақстанда ғана емес, Еуразия кеңістігіндегі де сән әлеміндегі ең ірі оқиғалардың бірі. Бұл сән апталығы жалынды жастар мен қарқынды даму көрінісімен ерекшеленеді. Сондай-ақ отандық мамандар мен шетелдік шеберлердің өз таланттарын көрсету мүмкіндігін ұсынады. Dreame және EFW серіктестігі екі брендтің де әлемде инновация мен стильдің біріккенін көрсетуге деген ұмтылысын білдіреді. Dreame өнімдері де өз иелерінің өміріне жаңа қарқын мен өзіндік қолтаңба тарту етеді”, – деді Сергей Чепрасов. 

Фото: Анна Додонова @anna_dodonova_

Шарада сән әлеміндегі жаңа топтамалармен қатар, “Dreame”-нің бірнеше өнімдері көрсетілген арнайы фото аймақ болды. Шоу қонақтарына бренд мынадай флагмандық модельдерін көрсетті:

  • үй жануарларын күтуге арналған функциясы бар Dreame Z30 құрғақ тазалауға арналған шаңсорғыш;
  • 180 градус позицияда жұмыс істей алатын Dreame H14 Dual құрғақ және дымқыл тазалауға арналған тік шаңсорғыш;
  • осы уақытқа дейін 12 000 Па сору қуатымен рекордтық көрсеткішке ие болған, жетеуі біреуіндегі Dreame X40 Ultra Complete робот шаңсорғышы;
  • 5 саптамасы бар жоғары жылдамдықтағы шаш кептіргіш Dreame Hair Miracle.

Фото: Анна Додонова @anna_dodonova_

“Бұл модельдердің әрқайсысы ерекше сипаттамаларға ие. Себебі өнімді әзірлеуге астродинамика және ұшақ инженерлері қатысады. Сол себепті Dreame-нің шаш кептіргіштері мен сәндегіштері жоғары жылдамдықта жұмыс істейді. Ал бірегей қозғалтқышы бар шаңсорғыштарда өнімділік жоғары.
Жалпы EFW-дің өткен маусымдағы медиа-түсірілімі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та 90 миллионнан астам қаралым жинады. Бұл іс-шараның ауқымды мәртебесін растайды. Сондықтан “Dreame” үшін сән апталығының келесі маусымы жаңа аудиториямен танысуға мүмкінідік берді. Біз сол арқылы өнімділігі жоғары техниканы армандаған жандардың қалауын орындаймыз. Себебі компанияның ұраны да осы – "Арманыңызды жүзеге асырыңыз!", – деп қосты Сергей Чепрасов.

Фото: Анна Додонова @anna_dodonova_

Іс-шарада қонақтар “Dreame” сыйлықтарының ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алды. Ал шоу арасында сахнаны тазалауды Dreame X40 Ultra Complete робот шаңсорғышы мен құрғақ және дымқыл тазалауға арналған тік шаңсорғыш Dreame H14 Dual орындады.

Фото: X40 Ultra Complete және H14 Dual

“Dreame-нің ең үлкен, жаһандық мақсаты – еш жерде теңдесі жоқ өнім экожүйесін құру. Сол арқылы адамдардың өзіне және жақсы көретін істеріне көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік жасау. “Dreame” өнімдері – барлық тұрмыстық мәселелердің дайын шешімі. Міне дәл осы тұрғыда өнімдерімізді EFW-дің шығармашылық аудиториясына таныстырдық.
“Dreame” үшін жергілікті бастамаларды қолдау және қоғамның мәдени өміріне араласу Қазақстан нарығында брендті дамыту стратегиясының ажырамас бөлігі. Әсіресе, сән апталығының екінші күні болған Kids Fashion Day-де онкология мен Даун синдромы бар балаларды қолдағанымызға қуаныштымыз. Оларға бүкіл команда атынан символдық велком пакеттер берілді”, – деп қорытты Сергей Чепрасов.

Фото: Анна Додонова @anna_dodonova_

“Dreame” – бүкіл әлемдегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуды мақсат еткен инновациялық компания. Бренд астро және аэродинамика технологияларын қолдана отырып, жоғары сапалы тазалау құрылғылары мен шаш кептіргіштер, (стайлер) сәндегіштерді жасайды. Қазақстанда брендтің робот-шаңсорғыш, тік шаңсорғыш, шаш кептіргіштер мен стайлерлер, робот-көгалшапқыштар мен сервис-роботтардың модельдері ұсынылған. 

Осы уақыт ішінде компания Астана мен Алматы қалаларынан 5 нүктесін ашып үлгерді. Сондай-ақ нарықта 55%-дан астам нәтиже берген жуғыш шаңсорғыштар сегментінде көшбасшы атанды.

Dreame өнімдері – бұл күнделікті тірлікпен бас қатырмай, уақыты мен энергиясын өзі мен ісіне көбірек бөлетін барлық жан үшін таптырмас таңдау. 

Жарнама құқығында

Талқылау