Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында елуден аз тұрғыны бар 45 ауыл таратылмақ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат 50-ден аз тұрғыны бар 45 ауылды тарату туралы бірлескен қаулы жобасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: komandirovka.ru

Құжатта бұл шара ресурстарды басқаруды оңтайландырып, өңірдегі ірі елді мекендердің тұрғындарының жағдайын жақсартатыны айтылған.

Солтүстік Қазақстан облысындағы таратылған ауылдардың тізімі:

Аққайың ауданы:

  • Лесные поляны (Полтава ауылдық округі);
  • Сенное (Власов ауылдық округі);
  • Үлгі (Иваново ауылдық округі).

Есіл ауданы:

  • Калиновка (Амангелді ауылдық округі);
  • Славянка (Заградов ауылдық округі);
  • Алқа (Заречный ауылдық округі Қараағаш ауылының құрамына кіреді);
  • Гурьяновка (Заречный ауылдық округі Чириковка ауылының құрамына кіреді);
  • Жекекөл (Петров ауылдық округі Петровка ауылының құрамына кіреді);
  • Отырықшы (Петровский ауылдық округі Петровка ауылының құрамына кіреді);
  • Тамамбай (Бесқұдық ауылдық округі Бесқұдық ауылының құрамына кіреді);
  • Новоузенка (Корнеев ауылдық округі Леонидовка ауылының құрамына кіреді).

Жамбыл ауданы:

  • Суаткөл (Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының құрамына кіреді);
  • Амангелді (Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының құрамына кіреді);
  • Рождественка (Мирный ауылдық округі Мирное ауылының құрамына кіреді);
  • Богдановка (Благовещенка ауылдық округі Благовещенка ауылының құрамына кіреді);
  • Орталық (Троицкий ауылдық округі Троицкое ауылының құрамына кіреді);
  • Ястребинка (Пресноредутский ауылдық округі Пресноредут ауылының құрамына кіреді).

Мағжан Жұмабаев ауданы:

  • Камышлово (Конюхово ауылдық округі Конюхово ауылының құрамына кіреді);
  • Изобильное (Возвышен ауылдық округі Возвышенка ауылының құрамына кіреді);
  • Алуа (Возвышен ауылдық округі Александровка ауылының құрамына кіреді);
  • Екатериновка (Бастомар ауылдық округі Бастомар ауылының құрамына кіреді);
  • Сейфолла (Таманов ауылдық округі Таманское ауылының құрамына кіреді);
  • Мичурино (Аққайың ауылдық округі Хлебороб ауылының құрамына кіреді).

Қызылжар ауданы:

  • Исаковка (Виноградов ауылдық округі Сумное ауылының құрамына кіреді);
  • Красноперовка (Бугровский ауылдық округі).

Мамлют ауданы:

  • Сливное (Белов ауылдық округі Чистое ауылының құрамына кіреді);
  • Катанай (Новомихайлов ауылдық округі Новомихайловка ауылының құрамына кіреді);
  • Қызыл Октябрь (Пригородный ауылдық округі Покровка ауылының құрамына кіреді);
  • "2591-ші километр" аялдама пункті (Пригородный ауылдық округі Покровка ауылының құрамына кіреді);
  • Новоукраинка (Становский ауылдық округі Афонкино ауылының құрамына кіреді).

Тайынша ауданы:

  • Восточное (Киров ауылдық округі Киров ауылының құрамына кіреді);
  • Мирное (Киров ауылдық округі Киров ауылының құрамына кіреді);
  • Трудовое (Киров ауылдық округі Киров ауылының құрамына кіреді);
  • Глубокое (Краснополян ауылдық округі, Черниговка ауылының құрамына кіреді);
  • Комсомольское (Рощинск ауылдық округі Рощинское ауылының құрамына кіреді);
  • Теңіз (Чермошнянка ауылдық округі, Чермошнянка ауылының құрамына кіреді).

Тимирязев ауданы:

  • Приозерное (Ақжан ауылдық округі Ақжан ауылының құрамына кіреді);
  • Солтүстік (Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының құрамына кіреді).

Уәлиханов ауданы:

  • Жұмысшы (Бидайық ауылдық округі Өндіріс ауылының құрамына кіреді);
  • Қарамырза (Қаратерек ауылдық округі Қаратерек ауылының құрамына кіреді);
  • Малқара (Қаратерек ауылдық округі Қаратерек ауылының құрамына кіреді).

Шал ақын ауданы:

  • Құртай (Юбилейный ауылдық округі Ұзынжар ауылының құрамына кіреді);
  • Тельманово (Юбилейный ауылдық округі).

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан:

  • Құйған (Возвышен ауылдық округі Чернозубовка ауылының құрамына кіреді);
  • Ұзынкөл (Червонное ауылдық округі Червонное ауылының құрамына кіреді).

Құжат 27 қарашаға дейін нормативтік құқықтық актілер сайтында қоғамдық талқылау үшін қолжетімді болады.

Талқылау