Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды

Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 4 қараша күні Ақтау қаласында болған. 

Ақпаратты Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі растады.

Өлімнің себептері әлі белгісіз.

"29-шы шағын аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түскен. Шамамен 15-20 минут бұрын бала су толтырылған ваннада шомылған. Сәби жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған", – делінген Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Еске салсақ, осыған дейін Астанадағы мектептердің бірінде мейіргер 8 жасар оқушыға 8 дана антибиотикті қинап ішкізгенін жазғанбыз.

Талқылау