Ердоған G20 саммитінде Украина бойынша бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бразилияда өтетін "G20" саммитінде Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт жоспарын ұсынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

G20 көшбасшыларының кездесуінде Ердоған Украинадағы қақтығысты тоқтата тұру арқылы дағдарыстың алдын алуды ұсынбақ.
Ердоған бұған дейін Түркия Ақүйдегі жаңа әкімшілікпен ынтымақтастықта екені, сол себепті Украинаға байланысты дағдарысты жеңе алатынын айтқан еді.
"Одақтасымыз АҚШ-тан күтетін үміттеріміз белгілі", – деді ол.
Ердоғанның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы атысты тоқтатуға деген ұмтылысы бар. Мұны Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан мен оның ресейлік әріптесі Сергей Лавров Ыстамбұлдағы кездесуде растады.
Бұған дейін Байден Украинаның Ресейге шабуыл жасауы үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат берген еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"