Ақтауда бір топ оқушы қатарласын жабылып ұрды: Олардың ата-анасы желіде кешірім сұрады (видео)
Желіде Ақтаудағы №24 мектеп оқушыларының ата-аналары ұлдарының жабылып қатарласын ұрғаны үшін кешірім сұрады. Ұлдары соққыға жығылған жәбірленуші тарап осыдан соң кешірім берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео Instagram желісінде пайда болды. Мұнда ата-аналар балаларының теріс қылықтары үшін кешірім сұраған. Тіпті видеода төбелеске қатысқан төрт бала да бар.
“Кешірім сұраймыз. Кеше полиция департаментіне барып бірнеше сұраққа жауап бердік. Балалар да өз қатесін түсінді”, – деді бір топ ата-ана.
Ал жәбірленуші тарап дәл сол видеода шығып, кешірім бергенін айтқан.
Еске салсақ, оқиға 15 қарашада №24 мектепте болған еді. Оқушылар топ болып бір ұлды ұрып тастады. Зардап шеккен оқушы балалар ауруханасына да, аймақтық көпсалалы ауруханаларға да жеткізілмеген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"