Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр қылмыс жасап, қашып кеткен: Күдіктіге іздеу жарияланды

Батыс Қазақстан облысында полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Данияр Мақсотовқа іздеу жарияланды.

Күдікті орташа денелі, шашы қара, көзі қоңыр.

"Күдікті азамат туралы көріп-білгендер болса, БҚО ПД-нің кезекші бөліміне 102, 8 705 747 99 99, 8 7112 98 45 30 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылдың 5 ақпанында мессенджерлерде Абай полиция бөлімінен хабарлама таратылды. Онда үш ер адамның "аса ауыр қылмыс" жасағаны үшін іздеуде жүргені айтылды. Олардың арасында Данияр Мақсотовқа ұқсас адамның суреті де болған.

2024 жылдың 2 ақпанында Дәулеткерей көшесіндегі жеке сектордан зорлықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Сол кезде полицейлер қылмысқа күдікпен үш ер адамның іздеуде жүргенін растады.

Талқылау