Halyk bank-тегі ақша ұрлығы: Енді елімізде банктердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаңдатылады
Ұлттық Банк Павлодарда Halyk бөлімшесіндегі сейфтен ақша ұрланғаннан кейін банктер, айырбастау пунктері мен инкассаторлық қызметтер үшін қауіпсіздік нормаларын күшейтпек. Енді ақша сақталатын ғимараттар қатаң стандарттарға сай болуы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Павлодардағы оқиғадан бірнеше күн өткен соң, енгізілген түзетулер "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Белгісіз қылмыскерлер Павлодардағы Halyk банкінің бөлімшесіндегі қабырғаны сындырып, сейфтерден ақша ұрлаған.
Енді банктер мен айырбастау пунктері ұлттық және халықаралық нормаларға сай келетін сейфтерді пайдалануға міндетті. Жаңартылған талаптарда берік кіреберіс есіктер, терезелер мен қабырға қалқаларын орнату талап етіледі.
Қоймалар мен сейф бөлмелеріндегі желдету жүйелеріне олардың қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы ережелер енгізіледі. Сонымен қатар объектілерді қорғауға және бейнебақылау сапасына қойылатын талаптар қайта қаралады.
Банктер мен айырбастау пунктері жаңартылған нормаларды ескере отырып, өз ғимараттарын бейімдеуге уақыт алады.