Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан Қытайға жіберілген 25 мың тонна астық өнімі санитариялық талапқа сай келмей кері қайтарылған

Қазақстаннан Қытайға жіберілген 25 мың тонна астық өнімі фитосанитариялық талапқа сай келмей кері қайтарылған. Дегенмен еліміздің өнімдерін Ресейге тасымалдау шектеусіз жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: pixabay.com

ҚТЖ жүк тасымалының мәліметінше қыркүйек-қазан айларында жаңа егінді тасымалдау 2,2 миллион тоннадан асқан. Оның 1,8 миллион тоннасы экспортқа жіберілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% жоғары.

Қазір Қытайға астық жүктерінің экспортында шектеулер бар. 2 айда фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар мен кедендік декларациялар бойынша 360-тан астам вагон, 25 мың тонна өнім қайтарылған. Бұған себеп Қытай шекарадағы тексеру шараларын қатаңдатқан.

“Контейнерлерді тексеру уақыты 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін ұзартылды. Кедендік тексеруді күтуде Қорғас станциясының Қытай жағында бір ғана МГСП-да 2500-ден астам контейнер жиналды.

ҚХР поездарын қабылдаудың шектелуіне байланысты Қазақстан бойынша астық контейнерлік поездардың жиналуы жүріп жатыр. Осыған байланысты қазір компания астық жүктерін контейнерлерде тиеуді реттеуге мәжбүр.

ҚХР бағытында Қостанай өңірінен контейнерлерді тиеу мәселесін қарау үшін жедел штабтың басшысы биыл 1 қарашада Қостанай қаласында уәкілетті органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шақыруымен экспорттаушылармен бетпе-бет кездесу өткізеді”, – делінген хабарламада.



“Ресейге тасымалдау шектеусіз жүреді. Ресей Федерациясына 2 айда экспорт 23,4 мың тоннаны құрады. Ал Ресей арқылы транзитпен-113 мың тонна. Ақтау порты арқылы Иран бағытына жөнелту 2 айда 250 мың тоннадан асты.

Орталық Азияның дәстүрлі нарықтарында жаңа егінді тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі астық тасымалдарымен салыстырғанда 30% -дан астам ұлғайды және 1 миллион тоннадан асты”, – делінген хабарламада. 

Талқылау