Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында әлеуметтік мекемеде тәрбиешілер аса қажеттігі бар балаларды ұрып-соққан

Павлодар облысында балалар психоневрологиялық орталығында тәрбиешілер денсаулық жағдайына байланысты дәрменсіз жатқан балаларды ұрып-соққан. Қазір іс тергеуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бас прокуратураның мәліметінше, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда, кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігі тексерілген.

Нәтижесінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық балалар психоневрологиялық орталығынан тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактілері анықталды. Бұл бақылау камераларына түсіп қалған.



“Мұнда денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және үнемі күтімді қажет ететін нейропсихиатриялық патологиясы бар балалар орналастырылған.

Кәмелетке толмағандарды азаптау белгілері бойынша орталық қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша полиция департаментіне тапсырылған сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Талқылау