Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлем аруы" халықаралық байқауына Қазақстан атынан Мадина Әлмұханова қатысады

24 жастағы қазақстандық Мадина Әлмұханова 16 қарашада Қазақстан атынан халықаралық "Әлем аруы" байқауына қатысады. Мексикада өтетін байқауда аруға қазақы көйлекті қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама тігіп берді. Ал әлеуметтік тақырып ретінде Мадина әлем алдында Салтанат Нүкенованың оқиғасын мысал етіп, елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғамақ. Stan.kz тілшісі арудың әлем алдында қазақ қызын көрсетуге дайындығы қалай екенін сұрап білді. 

Фото: Мадина Әлмұханова Instagram парақшасынан

Мадина 28 қазанда Мексикаға аттанады. 1 қазаннан 6 қазанға дейін бізде байқауға дайындық жұмыстарына қатысады. 

“Әлем аруы” байқауының ұйымдастырушылары бізге, кешкі көйлек, суға түсетін киім (купальные наряды), финалда киетін кешкі костюмды үйлестіреді. Сонымен қатар ұлттық киімімізді де паш етеміз. 

Бұдан басқа екі апта уақытта үлкен кешкі ас, президентпен кездесу және тағы басқа да мерекелік іс -шараларға қатысамыз. Осы екі аптаны асыға күтудемін. Барымды салуға тырысамын. Байқауда еімізді лайықты түрде көрсетуге еңбек етемін”, – деді Мадина. 

Мадина 18 жасынан бастап D&G, Intertop, Gucci, YSL және т.б. ірі брендтердің шоуларына қатысып, кәсіби түрде модельдікпен айналысқан. Ал алда күтіп тұрған әлемдік сайысқа бір жыл дайындалғанын алға тартты. 

Фото: Мадина Әлмұханова Instagram парақшасынан

“Менде байқауға дайындық ағылшын тілін үйренуден басталды. Кейін екі айлық ораторлық қабілетті арттыру курсына қатыстым. спортпен айналысып, дефильеде жүруге жаттықтым. Негізі дәл қазір қобалжу сезімі жоқ. Себебі 1 жыл бойы дайындалып, өзімді шыңдадым. Еңбегім ақталады деп ойлаймын”, – деді Мәдина Әлмұханова.

Алдағы тартысты байқаудан қазақ қызының бейнесін паш ететін Мадинаға ұлттық көйлекті қырғызстандық Арзубек Вонама тігіп берді. “Қазақ аруы” өкілдері неліктен ұлттық киімді қырғызстандық дизайнерге тапсырғанын түсіндірді.

“ Біріншіден Арзубек Вонаманың халықаралық “Ғалам аруы” байқауында тәжірибесі бар. Ол былтыр да қазақ аруы Томирис Заирға да ұлттық киімді тіккен болатын. Өте сәтті шықты. Соның нәтижесінде биыл да осы серіктестікті жалғасырып, ұлттық киімді Арзубек Вонамадан тапсырыс беруге шешім қабылдадық. Одан бөлек, бұл ұлтаралық достастықтың бір көрінісі”, – деді "Қазақстан аруы" PR менеджері Гүлім Советқанқызы. 

Фото: Stan.kz  (Мадина Әлмұқанова “Әлем аруы” байқауында киетін ұлттық нақыштағы көйлек)

Әлемдік байқауда әр ару өз елінің бір әлеуметтік мәселесін көтеруге тиіс. Мадина осы тұста тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын таңдап отыр. 

“Бұл байқауға қатысуда көбісі жай ғана әдемі болу жеткілікті деп ойлайды. Алайда бұл халықаралық конкурс. Мұнда көптеген мемлекеттер қатысады және әр ел өзінің ең мықты қызын жібереді. 

Мадина Алматы облысын аралап, біздің табиғатымыз бен құндылықтарымызды көрсететін видео визитка жасады. Одан бөлек ол бір жылдың ішінде 50 сағат уақытын қайырымдылыққа арнады. 

Сонымен қатар Мадина біздегі соңғы кейстерге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін әлемдік аренада көтеруге ниеттеніп отыр. Бұл жердегі мақсат Салтанат Нүкенованың мысалын көрсету арқылы бұл мәселеге елдің назарын аудартқымыз келеді. Бұл байқаудың артында үлкен еңбек жатыр”, – деп қосты Гүлім Советқанқызы.

Әлем аруы байқауы 16 қарашадада Мехико қаласында өтеді. 

Мадина Чайковский атындағы музыкалық колледжді хормейстер-дирижер мамандығы бойынша бітірген.  Ол "Алматы-2023 вице-аруы" атағының иегері және “People's Choice-2023” жеңімпазы. Модельдік саласында бес жылдай уақыт кәсіби түрде айналысқан.

Еске салсақ, "Әлем аруы-2023" халықаралық байқауында никарагуалық Шанис Паласиос жеңіске жеткен болатын. Ал Қазақстан атынан шыққан  Томирис Заир

Талқылау