Әртүрлі елден 84 үміткер қатысқан "Әлем аруы" байқауының жеңімпазы анықталды
"Әлем аруы" байқауының жеңімпазының есімі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Twitter MissUniverse
"Әлем аруы-2023" халықаралық байқауында никарагуалық Шанис Паласиос жеңіске жетті.
Сальвадорда өткен байқауға әртүрлі елдерден 84 үміткер қатысты.
Халықаралық сұлулық байқауының қорытындысы бойынша 23 жастағы никарагуалық Шанис Паласиос әлемдегі ең сұлу қыз атанды.
Айта кетейік, байқауға Қазақстан атынан "Алматы аруы-2022" және "Қазақстанның вице-миссі-2022" атақтарының иегері Томирис Заир қатысты. Бойжеткен қазақтың дәстүрлі киімі мен дала жауынгерінің костюмін үйлестірген бейнеде әлемдік сахнаға шықты.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген