Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 11 миллиард теңгенің құрылысы аяқсыз қалған

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Алматы облысында 11 миллиард теңгенің құрылысы аяқсыз қалғанын және 15 миллиард теңгенің активтерінің жетіспеуі анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Аталған ақпаратты Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров мәлімдеді. 



"Мемлекеттік ұйымдардан түскен төлемдерді талдау нәтижесінде 11 миллиард теңгеге дейінгі көптеген құрылыс жұмыстарының орындалмағаны анықталды. Сондай-ақ 15 миллиард теңгеге мүліктің болмауы және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды қабылдау фактілері белгіленді", – деді Мыңжасаров. 

Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың тоғыз айында комитет қызметкерлері 170,2 миллиард теңге болатын 465 электронды тексеру жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 758 іс-шараны жүзеге асырған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4,4 миллион теңге алғаны туралы жазған едік. 

Талқылау