Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияның солтүстігінде қылмыстық жауапкершілікке тартуды 10 жасқа дейін төмендетті

Австралияның солтүстігіндегі қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы төмендетілді. Енді бұл елде 10 жастағы балалардан бастап жаза қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Австралияның солтүстік территориясының билігі қылмыстық жауапкершілікті 10 жасқа дейін төмендетіп, бұрынғы норманы қайтарды. Өткен жылы қылмысқа тарту жасы 12-ге дейін көтерілгенімен, тамыз айында билікке келген жаңа басқарушы Аграрлық либералдық партия оны 10-ға қайтаруға шешім қабылдады.

Алайда, көптеген дәрігерлер, құқық қорғаушылар және жергілікті тұрғындар бұл шешімнің қылмысты төмендетпейтінін айтады. Бұл балаларға теріс әсер етеді деп санайды.

Австралияның солтүстік аумағында елдің басқа аймақтарына қарағанда балаларды түрмеге қамау 11 есеге көп. Олардың көпшілігі жергілікті тұрғындар. 2022-23 жылдары түрмелерде 10-17 жас аралығындағы 4,4 мыңға жуық бала болған. Оның 273 үкімі Солтүстік территорияда шығарылған. 

2023 жылдың жазындағы жағдай бойынша түрмелерде 10-13 жас аралығындағы 41 бала болған. 

Сайлаудан кейін билікке келген Солтүстік территорияның жаңа билігі қылмыстық жауапкершілік жасын төмендетуді талап етіп, бұл болашақта қылмыстың алдын алуға көмектеседі деп сендірді.

Осы жылы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстарының тұтас тізбегі Элис-Спрингс қаласының билігін жасөспірімдерге коменданттық сағат енгізуге мәжбүрледі.

"Біз сайлауға қылмыстық жауапкершілік жасын төмендетудің нақты жоспарымен келдік және өз аумағымызды қауіпсіз ету үшін сайлау алдындағы міндеттемелерімізді орындағанымыз үшін кешірім сұрамаймыз", — деді Бас министр Лия Финоккиаро.

Дегенмен, Австралияның өзінде де, басқа елдерде де жүргізілген зерттеулердің нәтижелері темір тордың артында қалған жасөспірімдердің қайталануға бейім екенін және түрмеде болу олардың денсаулығына, біліміне және болашақ жұмысқа орналасуына теріс әсер ететінін көрсетеді.

Осы жылдың басында Австралияның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы — тәуелсіз федералды агенттік қазіргі саясатты қылмысқа қатаң көзқарасты қажет ететін популистік риторика басқарады деген есеп шығарды.

Комиссия оның орнына билік ақшаны балалар түрмелеріне емес, балаларды қолдау қызметтеріне жұмсауы керек деп санайды.

Талқылау