Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстаннан әкелінетін гүлдерді өз аумағына кіргізуге шектеу қойды

Ресей Қазақстаннан әкелінетін гүлдерді өз аумағына кіргізуге шектеу қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

"Россельхознадзор 2024 жылдың 21 қазанынан бастап Ресей аумағына негізінен дос емес елдерден келетін өнімдерге берілген қазақстандық фитосанитариялық сертификаттармен келетін кесілген гүлдер мен бүршіктерді әкелуге уақытша шектеу енгізеді", – делінген хабарламада.

Олардың мәліметінше, Қазақстан гүлдердің көп бөлігін Голландия, Польша және Бельгиядан әкеліп, қайта экспорттайды.


Вирус жұқтырған: Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың дана гүл өртелді


"Бұл елдердің құзырлы органдары өнімнің қауіпсіздігін тиісті деңгейде бақыламайды", – делінген Россельхознадзор хабарламасында.

Билік мұндай шешімді Ресейдің фитосанитарлық әл-ауқатын және тауар экспортының көлемін сақтау мақсатында қабылдаған.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге ресми түрде тыйым салған еді.

Талқылау