Жедел жәрдем бригадасын шақырған қазақстандыққа 80 мың теңге айыппұл салынды
Жедел жәрдем бригадасын жалған ақпаратпен шақырған Ақтау тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол осылайша әзілдемек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі жағдайды баяндап берді.
Оқиға 14 қазанда болған. "103" пультіне көп дәрі-дәрмек қабылдағанын айтқан Ақтау қаласының тұрғынынан шақырту келген.
“Жедел жәрдем барған кезде тұрғын "пранк" ұйымдастырғанын жеткізді”, – деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты шақыру ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 438-бабына сәйкес жалған болып тіркелді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан