Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан ММА спортшылары ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Олардың арасында Поп-MMA спортшылары болған.

Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бірлесіп қолға түсіру операциясын жүргізді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Хутор" бандасының құрбандары көп": Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің өліміне қатысты тың деректер айтылды


"Бұл топтың кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды", –деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Поп-ММА — бұл жекпе-жек түрі, оларға тек кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар әуесқойлар да қатыса алады.

Еске салсақ, қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлері кәсіпкерлерден 68 миллион теңге бопсалағанын жазғанбыз.

Талқылау