Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік банктерге қойылатын талаптар жеңілдетіледі

Қазақстанда шетелдік банктердің филиалдарын ашу мен олардың қызмет көрсетуіне қойылатын талаптар жеңілдетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мәжіліс қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

“Заң қаржы нарығын одан әрі дамыту мен бәсекелестікті арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін шетелдік банктердің филиалдарын тартуға бағытталған.

Қаржы нарығын дамыту туралы заң жобасы банк секторына инвестиция тартудағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Осыған байланысты еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашу талаптары жеңілдетіледі. Бейрезидент банктің уәкілетті органға ұсынатын құжаттар тізімі қысқарады”, – делінген хабарламада. 



Деректерге сүйенсек, шетелдік банктің жиынтық активтерінің ең төменгі көлемін 20-дан 10 миллиард АҚШ долларына дейін қысқарту жоспарланған.

Сонымен қатар шетелдік банктердің филиалдарына жеке тұлғалардың депозиттерін тарту, төлем карточкаларын шығару, шетел валютасымен айырбастау операциялары, синдикатталған қаржыландыру және басқа да қызметтерді көрсетуге рұқсат етілмек.

Талқылау