Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Онсыз әкелу мүмкін емес": Қазақстанда көлік құралдарының қауіпсіздік құжаты бойынша қатаң ережелер енгізілді

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі көлік құралдарының қауіпсіздік куәлігін (ҚҚК) қайтарып алу және қайта ресімдеудің жаңа ережелерін енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Қауіпсіздік куәлігі бірыңғай көлік құралының КО ТР 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растайды. Тұлғалардың жеке көлік құралдарын әкелуі үшін міндетті құжат саналады. Онсыз көліктерді заңды түрде әкелу мүмкін емес. 



Жаңартылған ережелерге сәйкес, енді аккредиттелген зертханалар үш жағдайда қауіпсіздік құжатының күшін жояды:

Көлік құралының иесі көлік құралын пайдалануға бергенге дейін күшін жою туралы өтініш берсе;

Егер аккредиттеу органы көлік құралының конструктивтік сипаттамалары нормативтік талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаса;

Уәкілетті органдардың тексерулері кезінде бұзушылықтар анықталса.

Жаңа ереже, қауіпті көліктердің нарыққа енуіне жол бермеуге және аккредиттелген сынақ зертханаларына бақылауды күшейтуге бағытталған.

Енді аккредиттелген зертханалар өздерінің сынақ нәтижелерінің дұрыстығын және сертификаттау рәсімдеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты.

Айта кетейік, бір ғана 2024 жылдың өзінде 24 зертхана тексеріліп, оның 17-нің аккредитациясы тоқтатылды. Жалпы сомасы 21 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұл шаралар көлік құралдарын сертификаттау процестерінің ашықтығын арттыруға және Қазақстанға тек қауіпсіз, талаптарға сай көліктердің әкелінуін қамтамасыз етуге бағытталған. Үкімет қатаң бақылау арқылы жолдағы қауіпті көліктерге байланысты тәуекелдерді азайтуды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Енді көліктің тарихын eGov.kz порталынан тексеруге болатыны айтылған еді. 

Талқылау