Банктер қазақстандықтардың жеке мәліметтерін сатып жіберген
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов кейбір қазақстандық банктер өз клиенттерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға бергені туралы ақпаратты растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбдіқалықовқа тиісті сауал қойылды. Ол банктердің жазаланғанын алға тартты.
"Иә, өкінішке орай, мұндай фактілер бар, біз былтырғыдай екінші деңгейлі банктерді осы заң бұзушылықтар үшін жазаладық. Сәйкесінше, бұл жерде азаматтардың өздерінің азаматтық ұстанымы қажет, яғни, бізге бұл туралы хабарлауы керек. Біз заңды тұлғаны яғни банктерді жазалап жатырмыз, бірақ нақты статистика жоқ", –деді.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандықтар енді жеке деректерін өңдеуге берген келісімінен eGov арқылы бас тарта алатынын жазғанбыз.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын