Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польша соғысқа дайындық бастады, Украиналық журналист Ресей түрмесінде қаза тапты, Ливанда жағдай ушықты: Әлемде не болып жатыр

Израиль Газа секторы мен Ливанға толассыз соққы жасап, екі фронтта соғысты жалғастыруда. Оған қоса, Израиль осы аптада Сирияның Хомс аймағын бомбалады. Әзірге Таяу Шығыстағы жағдай өршіп тұр. Сарапшылар бұла жаңа қақтығыстың бастамасы болуы мүмкін екенін айтады. Ресей мен Украина арасында да қақтығыс жалғасып жатыр. Осы аптада украиндік журналист Виктория Рощина Ресей тұтқынында көз жұмды. Stan.kz ақпарат агенттігі әлемде болып жатқан саяси жаңалықтарға аналитикалық шолу ұсынады.

Газадағы соққылар

Соңғы аптада Израиль мен Газадағы қақтығыстар жаңа деңгейге көтерілді, әсіресе Израильдің қорғаныс күштері (IDF) ХАМАС тобына қарсы құрлық операцияларын бастады.

Израильдің артиллериялық және әуе соққыларының басты нысандары ретінде ХАМАС тобымен байланысты инфрақұрылым, туннельдер және қару қоймалары аталып отыр. Алайда, соққылар барысында бейбіт тұрғындар да зардап шегуде.

Фото: Reuters

Израиль Газа секторында Дейр-аль-Балахтағы мешіті мен Зувейдадағы мектепті атқылады. Мектеп соққысы нәтижесінде 24 адам қаза тауып, 93 адам жараланды. Мешіттегі жарылыстан қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Оның ішінде балалар мен әйелдер бар.

Жексенбіден бері Газа секторында 80 адам қаза тапқан.

Жергілікті билік "бейбіт тұрғындарды, балалар мен әйелдерді аяусыз қырып-жойғаны" үшін Израильді айыптады.

"Біз Израиль оккупациясын және АҚШ әкімшілігін Газа секторында жалғасып жатқан геноцид пен бейбіт тұрғындарды қырып-жою үшін толық жауапты деп санаймыз", – дейді олар.

Газаның солтүстігіндегі Джебалия аймағында ХАМАС-қа қарсы жаңа құрлық операциясы басталды.

Израильдің мақсаты "лаңкестік инфрақұрылымды жүйелі түрде жою" деп сипатталып отыр, және операцияның мерзімі белгіленбеген.

Операцияға Израильдің 162-дивизиясының 401-ші және 460-шы брондалған бригадалары қатысуда, олар Джебалияны қоршап алып, әскери іс-қимылдарын жүргізуде. Сонымен қатар, Израиль күштері ХАМАС-тың осы аймақтағы әрекеттерін қалпына келтіру әрекеттері туралы ақпарат алып, топтың инфрақұрылымын бұзу мақсатында бірқатар әуе және артиллериялық соққылар жасады.

Бейрутта бейбіт тұрғындар зардап шегуде

Фото: Anadolu Ajansı

Израильдің әскерлері бейсенбі күні Бейрут қаласына жасаған зымыран соққысы салдарынан 22 адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақат алды.

Бұл жолы зымырандар қала шетіндегі Дахия емес, Ливан астанасының орталығындағы тығыз қоныстанған шииттер тұратын Бахура ауданына тиді. Зымырандар тұрғын үйлер мен аурухана ғимараттарына соққы берді.

Ливанның ұлттық агенттігінің хабарлауынша, "Нвейри" зымыраны сегіз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатына түсті. Ал "Баста" зымыраны төрт қабатты ғимаратты толығымен құлатқан.

Шабуыл жергілікті уақыт бойынша кешкі сегіздер шамасында басталды. Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жақын маңдағы бес ауруханаға жалпы 117 жаралы адам жеткізілді, олардың арасында ауыр жарақат алғандар да бар.

Әдетте Израиль әскері әскери нысандарға жақын орналасқан азаматтық аймақтарды шабуыл алдында ескертіп, тұрғындарға эвакуациялануға мүмкіндік беретін. Алайда бұл жолы ондай ескерту жасалмады.

Израильден неше зымыран ұшырылғаны әзірге белгісіз. Алғашқы соққы тоғыз адамның өмірін қиып, Хезболла ұйымымен байланысты деп саналған аудандық аурухананы жартылай қиратқан.

Хезболла жетекшісінің екі ізбасары өлтірілді

Фото: Global Look Press(Хашим Сафи ад-Дин)

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 3 қазанда Хезболла ұйымына қарсы бағытталған әуе шабуылдары барысында екі маңызды жетекшінің өлтірілгенін мәлімдеді.

Нетаньяхудың мәлімдемесінде Хашим Сафи ад-Диннің өлтірілгені расталды. Сафи ад-Дин, Хезболла қатарында жоғары дәрежелі шенеунік ретінде белгілі, оның өлімі Израиль мен Хезболла арасындағы шиеленістің күшейгенін көрсетеді. Нетаньяху сондай-ақ оның ізбасарының да өлтірілгенін айтты, бірақ аты аталмады.

Израильде теракт

Израильдің Беэр-Шева қаласындағы орталық автовокзалда қарулы лаңкес теракт жасады. Нәтижесінде 20 жастағы қыз қаза тауып, сегіз адам жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Лаңкес атысты жолаушылар терминалында, дәмхана және тіскебасар сататын жерде ұйымдастырған. Полиция шабуылдаушыны атып өлтірді. Ол бұрын сотталған Негевтегі бедуиндер лагерінің тұрғыны болып шықты. Құқық қорғау органдары оның сыбайластарын іздестіруде және азаматтарды автовокзал маңына жақындамауға шақырды.

Сирияға шабуыл

Башар Асад режимі Израильді Сирияның орталығындағы Хомс провинциясына шабуыл жасады деп айыптады.

Әуе шабуылының Хомс провинциясының оңтүстігіндегі Хасие ауданындағы автомобиль зауытын нысанаға алғаны белгілі.

Әзірге бұл мәселеге қатысты Израиль тарапынан ешқандай түсініктеме болған жоқ.

Айта кетейік, 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері Израиль мезгіл-мезгіл Сирия армиясы мен Сириядағы ираншыл топтардың әскери нысандарына шабуылдар жасап келеді.

Радикализмге қарсы: Таяу Шығыстағы НАТО аналогы

Фото: Flash90 (Ицхак Герцог)

Израиль президенті Ицхак Герцог Al Arabiya арнасына берген сұхбатында Иранға қарсы күш біріктіріп, НАТО тәрізді альянс құруды ұсынды. Ол Иран мен оның жақтастарына қарсы бірлесе әрекет етуді, радикализмге қарсы тұруды шақырды. Герцог Иранды Таяу Шығыстағы басты қауіп деп атады.

Сонымен қатар, ол Хамастың шабуылынан кейін Израильдің әрекеттерін қорғап, халықаралық құқық нормаларын сақтағанын айтты. Франция президенті Эммануэль Макронның Израильге қару жеткізуді тоқтату ұсынысына Герцог өз наразылығын білдірді.

Украиналық журналист Ресей түрмесінде көз жұмды

Фото: Әлеуметтік желіден алынды (Виктория Рощина)

Украиналық "Хромадске" басылымының журналисі, "Украинская правда" газетінің штаттан тыс тілшісі Виктория Рощина Ресей түрмесінде көз жұмды. Жоғарғы Раданың адам құқықтары жөніндегі комиссары Дмитрий Лубинец оның қаза тапқаны туралы ақпаратты Ресейдің растағанын айтты.

"Ресей тарапынан заңсыз бас бостандығынан айырылған украиналық журналист Виктория Рощинаның көз жұмғаны туралы Ресей ұсынған ресми құжат қолымызда. Викторияның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", – деп жазды Любинец өзінің Telegram-арнасында.

Омбудсменнің мәліметінше, журналист 2023 жылдың тамыз айында Украинаның Ресей басып алған территориясында жоғалып кеткен. Украиналық БАҚ бұған дейін оның басып алынған аумақтарда репортаж дайындап жатқанын жазған. Сол жылдың қыркүйегінде оның туыстары іздеу жариялады.

2024 жылдың мамырында Ресей билігі журналистің ұсталғанын және оның Ресей аумағында екенін алғаш рет мойындаған. Ресей Қорғаныс министрлігі оның әкесі Владимир Рощинге растау хатын жолдады. Рощинаның ұсталғанын Халықаралық Қызыл Крест комитеті де растағанын айтады Любинец.

Украиналық "Грати" басылымының хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі журналист Виктория Рощинаның қайтыс болғанын растады. Бұл ақпарат 2024 жылғы 28 тамызда оның әкесінің үндеуіне жауап ретінде жарияланды.

Министрлік 2024 жылдың 2 қазанында электронды хат жіберіп, Рощинаның қаза тапқан күні 2024 жылдың 19 қыркүйегі деп көрсетті. Сонымен қатар, оның денесі ұсталған адамдардың мәйіттерін алмасу аясында украиналық тарапқа қайтарылатындығы айтылды. Өлімнің мән-жайы мен себептері туралы ақпарат берілген жоқ.

Генералдық барлау басқармасының өкілі Андрей Юсов Суспильне телеарнасына Рощинаның келесі тұтқын алмасуларының біріне қосылуы керек екенін растады.

"Ол жақын арада үйіне қайтуы керек еді, бұл үшін барлық қажетті шаралар жасалды," – деді Юсов.

БАҚ-тың хабарлауынша, Рощина Таганрогтан Мәскеуге көшу кезінде көз жұмған. Ол 6 қазанда 28 жасқа толар еді. Рощина 2022 жылдың наурызында азаматтық киім киген Ресей ФСБ офицерлері тарапынан Запорожье облысының Бердянск қаласында ұсталып, 10 күннен кейін босатылған. Осыдан кейін ресейшіл телеграм-арналарында оның "Ресей оны ұрлап кетпеген, керісінше, өмірін сақтап қалғаны" туралы айтылған видео тарай бастады. Кейбір сарапшылар бұл жазбаның қысыммен жасалғанын айтады.

Ресей билігі Рощинамен болған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме бермеді.

Польша соғысқа дайындық бастады

Фото: Global Look Press

Польша Белоруссия мен Ресеймен шекарасында әскери бекіністерді құруды көздеп отыр. Бұл қадам Варшава үшін геосаяси қауіпсіздікке үлкен мән беретін кезеңде жүзеге асуда. 2023 жылы Польша әскери бюджетінің көлемін арттыруға, әскери техниканы жаңартуға, және заманауи қару-жарақты сатып алуға ерекше назар аударады. Польша НАТО-ның мүшесі ретінде, альянстың әскери күштерін қолдау мақсатында өзінің әлеуетін күшейтуге бағытталған жоспарлар жасауда.

Польша АҚШ-тан жаңа қару жарақ алып жатыр

Польша әскери қуатын арттыру үшін үлкен қаражат жұмсап, заманауи қару-жарақ сатып алуға мүдделі. 2024 жылы Варшава қорғанысқа 4,12% ВВП жұмсауды жоспарлап отыр, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 5%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Министр Блащактың сөзімен айтқанда: "Нам нужно еще два года, и тогда Войско Польское будет самой сильной сухопутной армией в Европе".

Польша қазіргі таңда АҚШ-тан 96 AH-64E Apache вертолетін, 366 M1A2 Abrams танкін, 32 F-35A истребительдерін сатып алуда. Сонымен қатар, ел Оңтүстік Кореямен 648 K9 Thunder гаубицасы мен 980 K2 Black Panther танкісінің келісім-шартын жасасты.

Дегенмен, Польша әскери модернизация барысында бірқатар қиындықтарға тап болуда. Негізгі проблемалардың бірі – кадр жетіспеушілігі. Польша армиясының қазіргі саны 200 мың адам, ал жоспарлары 300 мыңға дейін ұлғайту. Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін қосымша резервистерді дайындау қажет.

Фото: EAD

Сондай-ақ, әскери өндіріс саласындағы ескірген технологиялар мен экономикалық қиындықтар да Польша армиясының дамуына кедергі келтіруде. Доктор Лукаш Стах "островная модернизация" туралы айтты, яғни армияның тек кейбір бөліктері жаңартылып, кең ауқымды модернизация жүзеге аспауда. Польша әскери дайындығын арттыру арқылы халықаралық аренада өз рөлін нығайтуға тырысуда. Елдің стратегиясы НАТО-ның шығыс тарапында маңызды әскери одақтас болу, ал Ресейдің ықпалына қарсы тұру болып табылады.

Польша әскери дайындықты күшейтіп, заманауи қару-жарақ сатып алу арқылы өзінің қауіпсіздігін арттыруға ниет білдіруде. Бұл шаралар Польшаға Ресеймен ықтимал әскери қақтығыс жағдайында тиімді жауап беруге мүмкіндік беретін болады. Елдің саясаткерлері мен әскери басшылары бірдей пікірде: "Больше ждать нельзя!" — Польша қазірден бастап әскери дайындықты күшейтуі керек.

Украина мысалы

Польша Ресеймен ықтимал қақтығыс алдында украиналық тәжірибені зерттеуге кірісті. Генерал Томаш Бонк украиналық тәжірибені Польша қарулы күштеріне енгізудің маңыздылығын атап өтті, себебі климаттық, мәдени және геосаяси жағдайлар ұқсас. Дегенмен, әскери сарапшы Марек Сверчинский Ресейдің соғыс жүргізу стилін қабылдамау үшін өз шарттарымызбен әрекет ету қажеттігін ескертті.

Өткен жылы бұл тақырып саяси дискуссиялардың басты бағытына айналды, себебі құпия құжат жарияланды, онда Польша шығыс бағытынан ықтимал шабуылға қарсы қорғаныс жоспары көрсетілген. Құжатта Польша қорғанысы 10-14 күн бойы НАТО-дан көмек күтуді көздеді, бұл елдің оккупациялану мүмкіндігін талқылауға себеп болды. Алайда, Вашингтондағы НАТО саммитінде АҚШ Президенті Джо Байден Альянстың өз аумағын қорғауды қамтамасыз ететініне кепілдік берді.

Сарапшылар Ресей армиясының әлсіз жері логистика екенін атап өтті. Польша артиллериясын күшейтіп, егер қақтығыс болса, Ресейдің Калининград пен Беларусьтағы позицияларына жаппай соққы беруге дайындалып жатыр. Украинадағы қазіргі соғыс Польша қорғанысына жаңаша көзқарас қалыптастырды: енді қарсыластың шабуылын оның еліне кірмес бұрын тоқтатуға акцент қойылуда.

Польша армиясының бұрынғы басшысы Раймунд Анджейчак дипломатияны таңдайтынын, бірақ агрессия болған жағдайда қатты жауап беретінін атап өтті.

Талқылау