Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ортақ бюджет, маңызды оқиғалар: Jusan қосымшасына қандай жаңа қызметтер қосылды?

Jusan қосымшасы қайта жаңғырды. 10 қазаннан бастап Jusan қолданушылары қосымшаның жаңа функцияларын пайдалана алады. Мәселен, азаматтардың ол арқылы ортақ бюджет ашып, бірге ақша жинап, жұмсауға мүмкіндігі бар. Stan.kz агенттігі қосымшаның жаңа нұсқасының тұсаукесеріне барып, оған тағы қандай қызметтер қосылғанын біліп қайтты. 

Фото: Jusan Bank

Jusan Bank-тың өнім әзірлеумен айналысатын департаментінің директоры Айбек Жұмағалиевтің айтуынша, олар қосымшаны жаңартуды алты ай бұрын бастаған. Мұндағы басты мақсаты – қосымшаны бұрынғыдан да ыңғайлы ету. Банк қосымшаны жаңартпай тұрып, өз клиенттерінің қалауын ескерген екен. 

Әр нәрсенің өз уақыты болады. Қосымшалар да ескіреді. Адамдардың талғамы, қалауы өзгереді, жаңа трендтер пайда болады. Сол себепті қосымшаларды жаңартып отыру, оған жаңа мүмкіндік қосу – қалыпты нәрсе. Біз әуелі зерттеу жүргіздік. Оған 18-60 жас аралығындағы 120 адам қатысты. Олардың барлығы – біздің қолданушыларымыз. Зерттеуде қолданушылардан қосымшаның қай тұсы қиын екенін, қандай қызмет қосу керек екенін сұрадық. Бастапқы беттің 18 түрін қарап шықты. Қолданушылардың қалауын ескеріп, қосымшаны жаңарттық”, – дейді Айбек Жұмағалиев. 

Ыңғайлы әрі қарапайым дизайн 

Jusab қосымшасына бірқатар жаңа қызмет қосылған. Дегенмен олар әуелі қосымшаның ішкі құрылымына, әр бөлімінің орналасқанына, көлеміне, дизайнына назар аударған. Олар қолданушылар қосымшаны ашқанда бірден түсінетіндей әрі өзіне керегін тез табатындай етіп жасаған.

Ортақ бюджет 

Jusan-ға қосылған жаңа қызметтің бірі – ортақ бюджет. Енді қолданушы депозит ретінде ортақ бюджет аша алады және оған өзінің жақын адамдарын қоса алады. Кейін олар сол бюджетке бірге ақша жинап, оны бірге жұмсай алады. Бұл отбасылық қор үшін немесе бірге сапарды жоспарлаған достарға өте ыңғайлы. Мәселен, бір отбасыда әкесі ортақ бюджет ашты делік. Ол оған әйелін, балаларын қоса алады. Ортақ бюджетті ашқан әкесі балаларына шоттан жұмсай алатын қаражатқа шектеу қоя алады. Оған қоса депозитте қанша ақша бар екенін жасырып қоюға мүмкіндігі бар. Бұл жаңа қызмет балалары, ата-анасы сияқты жақын адамдарына күнделікті ақша аударып отыратын адамдарға тиімді. 

“Осылай біз Jusan-ның отбасы құндылығына мән беретінін көрсеткіміз келеді. Отбасы мүшелерінің немесе бір-біріне жақын адамдардың ақша жіберуге уақыт жұмсамай, ортақ бюджеттен алуына мүмкіндік бергіміз келді”, – дейді Jusan Bank-тың өнім әзірлеумен айналысатын департамент директоры. 

Әзірге ортақ бюджетті 18 жастан асқан азаматтар қолдана алады. Дегенмен банк өкілі болашақта кішкентай балалар мен жасөспірімдер де қолдана алатынын айтады. 

Фото: Jusan Bank

“Маңызды оқиғалар” қызметі

Сонымен қатар Jusan-да қолданушының жеке көмекшісіне айналатын “Маңызды оқиғалар” деген жаңа қызмет пайда болды. Енді қосымшаның басты бетінде клиентке қатысты маңызды ақпарат шығып тұрады. Мысалы, "Jmart-тан жеткізілім бүгін келеді" немесе "Рейсіңізді жіберіп алмаңыз, сіз Jusan travel арқылы билет сатып алдыңыз" деп клиенттің есіне салады. "Маңызды оқиғалар" блогы клиенттің мүдделеріне байланысты және жеке ұсыныстары бойынша үнемі жаңартылып отырады.

"Жиі болатын транзакциялар" қызметі

Сонымен қатар қосымшаның жаңа функцияларының ішінде "Жиі болатын транзакциялар" қосылды. Ол жерде жиі жіберетін аудармалар, төлемдер мен транзакциялар бір жерде жиналып тұрады. Әрқайсын төлеу үшін әр бетке кіріп отырудың қажеті жоқ. Барлығын бір бетте кезек-кезек төлеуге, аударуға болады.

Фото: Jusan Bank

Банк өкілдерінің сөзінше, олар клиенттердің тәжірибесін жақсартуға ұмтылу жолында тоқтамайды, жұмысты ылғи жалғастырып отырады. 

Талқылау