Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Санкт-Петербургте 275 теңге, бізде 400 теңге": Желі қолданушысы қазақстандық өнімнің Ресейде арзан бағамен сатылғанына ашуланды (видео)

Желіде қазақстандық отандық компанияның өнімдерін Ресейге арзанға, ал ел ішіне қымбатқа сататынын сынады. Айтуынша, ел ішінде 400 теңгеден жоғары сатылатын өнім Санкт-Петербургте 275 теңгеге қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан скрин

Желі пайдаланушысы қазақстандық компания өнімінің Санкт-Петербургтегі бағасын көрсетті. Питердегі бағасы кәдімгідей арзан. 

“Қараңыздар қандай қызық оқиға! Бүгін 2024 жылдың 26 шілдесі Санк-Петербургтегі “Dep” коктейлі 55 рубль тұрады. Бұл шамамен 275 теңге. Енді сұрақ бұл өнім Лисаковскте қанша тұрады екен? Немесе осы коктейлдер өндірілетін “Dep” зауыты бар Қостанай дүкендерінде ше?

Сенсеңіздер, онда Санкт-Петербургтегі дүкендерге қарағанда қымбатырақ. Бұл таңғаларлық оқиға. Тіпті Лесаковские дүкендерінде  “Dep” коктейлі 400 теңге немесе одан жоғары тұрады. Тіпті арзан дегенде 375 теңге болатын шығар. Бірақ Санкт-Петербургтегі дүкендеріндегідей 275 теңге емесі анық. Өзімізге қымбатқа сатуға болады дегені ме?”, – делінген видео жазбасында. 

Осы сауалға орай Stan.kz тілшісі “Dep” компаниясының өзінен “неге отандық өніміміз ел ішінде қымбат, ал шетелге арзанға сатылатынын” сұрады. Алайда компания бұл сұрақтарға жауап беруге үзілді-кесілді қарсы болды.

Ал Сауда және интеграция министрлігі барлық саулады компанияның өзіне жолдау керек екенін айтып, соларға сілтеді. 

@cinema757 Цена на Казахстаникий продукт в Санкт-Петербурге! Цена в Питере значителнл дешевле #казахсатн🇰🇿🇰🇿🇰🇿 #цены #казахстан #россия #магазин ♬ оригинальный звук - David Cheban
Талқылау