Шымкентте көшедегі қоқыс жәшігін тепкен жігіттер 185 мың теңге айыппұл арқалады
Шымкентте көше урнасын сындырған екі жігіт 185 мың теңгеге жуық айыппұл төлеп, жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Олардың қаладағы аллеялардың бірінде қоқыс жәшігін сындырып жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тараған.
“Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 21 жастағы қала тұрғыны мен Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер азаматтарға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Заңнамаға сәйкес олардың әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.
Полиция құқық бұзушылық жасағандар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салып, тәртіпті қатаң сақтауға шақырды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"